0 дауыс
363 көрілді
Сәлеметсіз бе, құрметті Қырымбек мырза! Менің сұрағым медицина саласына қатысты еді. Алдымен Елбасына және Сізге алғысымды айтқым келеді, ана мен бала денсаулығына қамқор болып, Қызылордадан заманауи ана мен бала орталығын ашып бергендеріңізге. Және де Сізге бір өтінішім бар еді. Экологиялық ахуалға байланысты мен сияқты көптеген қыз-келіншектер бала сүйе алмай жүр. Алматы, Астанаға барып емделуге қалтамыз көтермейді. Квотамен бару үшін тіркелген адамдар саны көп, ал жолдамалар жеткіліксіз. Сондықтан квоталар саны мүмкіндігінше ұлғайтылса екен деймін.

1 жауап

0 дауыс

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада үшінші орынды иеленеді. Дегенмен, кейбір қыз-келіншектеріміз ана болу бақытына жете алмай жүр. Сондай-ақ, бұрын аймағымызда адам өлімі мен бала шетінеуі мәселелері мазалайтын. Соған байланысты 2013 жылы «Денсаулық сақтау жол картасы» жасақталды. Онда облысымыздың денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Нәтижесінде аурушаңдық көрсеткіштері азайып, бала өлімі 34,7 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш бойынша біз республика бойынша маңдайалды аймақтар қатарындамыз. Өйткені, дәрігерлеріміз баланы алғашқы күндерінен-ақ күтіп-баптап, аман-сау сақтап қалуға барын салады. Тағы бір айтар жағымды жаңалығым бар. Осы жаңадан салынған заманауи перинаталдық орталығы жанынан жақын арада жасанды ұрықтандыру орталығы ашылатын болады. Сөйтіп, азаматшаларымыз басқа қалаларға бармай-ақ, өзімізден бала сүю қуанышына бөлене алады. Әрине, орталық ашылып толық іске қосылғанша квота санын да мүмкіндігінше ұлғайтуға тырысамыз.

...