Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сіздің Қызылорда облысына әкім болып келгелі қаламыз жақсарып келеді. Жұмысыңызға сәттілік тілей отырып, бізді мазалап жүрген мәселені жеткізгіміз келеді. Қалада мәдени-демалыс паркі біреу ғана. Осы парк жекеменшікке беріледі деп естіп едік. Осы рас па? Өзіңіз білесіз, кезінде бұл парк жекеменшікке кетіп, жағдайы нашарлап кеткен еді. Мемлекет оны кері қайтарып, жаңа аттракциондар орнатылды. Қазір ол балаларымыздың бос уақытын қызықты өткізетін орынға айналды. Егер парк расында жекеменшікке жіберілсе оның болашағы қандай болады? Жекеменшікке жібермеудің жолы бар ма?