0 дауыс
589 көрілді
Өмір өзі сынақ екен бітпейтін
Мойынға сап көтергенге жүктейтін.
Ары сынап,бері сынап тағдырмен
Өмір-өзен төменге қарай сілтейтін

1 жауап

0 дауыс
Өмірге бәрімізде 1-ақ рет қана келеміз. Оны қалай өткіземіз өзіміз білеміз. Жас кезімізде ешнарсе білінбейді, ойнап күліп жүрміз. Жасымыз келгенде өз өміріңнен ой түйесің "мен осы өмірде не қалдырдым" деп. Өшпес із, жақсы ұрпақ қалдырсаң әрине өкінбей өтесің, ал жас кезіңді қор қылып, болмайтын нәрселермен өткізсең ертеңгі күні қатты өкініп қаласын. Жас өміріңнің қайтып келмейтінің білсеңде армандап қала бересің. Уақыт бір орнында тұрмай өте береді, ал сенің арманың орындалмай қала береді. Сол кезде түсінесің Өмірдің қымбат екенің....
...