+1 дауыс
1.2k көрілді

 «Күзге қарай доллар тағы бір «мінез» көрсетеді» деген сыбыс әсіресе қарапайым жұртшылықтың дегбірін қашырды. Өйткені бірінші кезекте зардап шегетін солар. Доллар 150-ден 180-ге секіргенде «халық күнделікті тұтынатын тауарлардың, соның ішінде отандық өнімдердің бағасын тізгіндеуге барымызды саламыз» деп сендірген үкімет тіпті аймақтарда тұрақтандыру қорларын да құрған еді, алайда уәдесінде тұрмады, былайша айтқанда асау бағаны тұсаулауға шамалары жетпеді. Баға бірнеше пайызға көтерілді ақырында. Артынша жалақы көбейеді деп басу айтқан болды, алайда қымбаттаған баға мен аздап өскен жалақының арасы тым алшақ түсті. Нарық заманының парқын түсініп қалған жұртшылық оған да көнді. Мұнай бағасы төмендеуі, доллардың өсуіне әсер етеді ма?

мұнай доллар бағасы

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Доллар қымбаттайды. Мұнайдың бағасы төмендеуі мүмкін деген болжам шындыққа айналып барады. Ал мұнай бағасы арзандаса, әлбетте доллар қымбаттайды. Ол заңдылық. «Дүниежүзілік өндірісте мұнай артық шығарылып қойды. Қор жеткілікті. Мұнайды тұтынушы елдің негізгісі – Қытай десек, Қытайдың экономикасы келешекте құлдырауы мүмкін» дейді әлемдік сарапшылар. Менің де ойым осыған саяды, яғни мұнай бағасы төмендесе, доллар міндетті түрде күш алатын болады. Доллар қымбаттаса халықтың байбалам салмағандары жөн. Мынаны ескерген абзал: Әемдік нарықта біздің ұлттық қорымыз теңіздің тамшысындай ғана. Былайша айтқанда, ЖІӨ бар болғаны 230 миллиард долларды құрайды. Білсе білсек, Америкадағы бір адамның байлығы бұл. Біз долларға тәуелдіміз. Біз әлемдік нарықтың ықпалынан шыға алмаймыз, себебі уақыт озған сайын жаһандық экономика интеграцияланып барады. Сондықтан да, елдің кез-келген жағдайға дайын тұрғандары дұрыс. 

Мұнай демекші, осы тұста айта кетейік, АҚШ-тағы «қара алтынға» деген сұраныстың төмендеуі нарыққа айтарлықтай әсер етсе керек. Нақтырақ айтсақ, 400 мың баррельге дейін азаяды деген деп отырғанда АҚШ-тағы мұнай қоры керісінше өткен аптада 579 мың баррельге артқан. Бұл бүгінгі жағдай. «Алдағы уақытта да мұнай бағасы құлдырауы әбден мүмкін» дейді сарапшылыр. Өйткені Ливия мұнай өндірісін екі есеге арттыратын аш-Шарара кен орнын іске қосты. Saxo Bank сарапшыларының мәліметінше, еуропаны ірі экономикалық дағдарыс жайлап, акциялар минусқа дейін төмендеуі мүмкін. Алтын тағы да қымбаттап, мұнай бірден арзандап кетеді. Олардың айтуынша, әлемдік мұнай нарығында қазір өтпелі кезең. Нақтырақ айтқанда, АҚШ, Канада және Сауд Арабиясында мұнай өндірісі көлемі артқан.

Демек, доллардың қымбаттауы ғажап емес. Алайда «BCC Invest» АҚ-тың департамент директоры Әлібек Оразақов доллар бағасында күрт өзгеріс болмайды деген пікірде. «BCC Invest» АҚ-тың сарапшыларының болжамы бойынша, жыл соңына дейін доллар бағамы 185-188 теңгеден аспайды. «Біріншіден, - дейді олар, - доллар саудасы бір қалыпты. Екіншіден ресей рубльі бабында. Ал ең негізгісі, төлем теңгерімі оң көрсеткішке ие. Капиталдың сыртқа ағылуы мен ішке келуі бүгінгі күні нөлге тең». 

«Асыл Инвест» АҚ-ның сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов те әріптесінің жағында. Оның ойынша, босқа байбалам салу орынсыз. Ұлттық валютаға деген сенімге селкеу түссе ол алып-сатарларға тиімді. «Әлбетте, халық тағы бір девальвация толқыны болады ма деп қорқады. Алайда оған еш негіз жоқ» дейді ол сондай-ақ. 

Байқап отырғандарыңыздай елдегі сарапшылар ішкі нарықтағы жағдайға қарап пайым жасап отыр. Қалай дегенде де, Ілияс Исаев айтпақшы, «әлемдік нарықтың ықпалынан шыға алмайтынымызды» ұмытпайық. 

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»: бағамға баға тәуелді. «Билік «қымбатшылық болмайды. Азық-түлік қоры елімізде жеткілікті» деген еді. Сендік. Зейнетақыма мың жарым теңге қосылыпты, оған да шүкір. Алайда ақпан айындағы девальвациядан кейінгі қымбатшылық әлі тоқтар емес. Сөйтсек, саудагерлер «пенсия көбейді ғой» дейді. Доллар бағамы өскен кездегі бағаның қоса көтерілгеніне көндік, ал зейнетақыға мың жарым теңге қосылды екен деп саудагерлердің азық-түлікті қолдан қымбаттатқандарына жол болсын! Бақылау деген бар ма мына елде?», – дейді ренішін жасыра алмаған алматылық Аяулы Дәуленхан. 

Егер доллар қымбаттаса, қалың бұқараға оңай соқпайтыны анық. Сол себепті де, үкіметтің «үндемей ғана үйдей бәле шығарып жүрген» бағаны тез арада қолға алуға шындап кіріскендері дұрыс болар еді.

Ілияс Исаев

0 дауыс
Уайымдамай-ақ қойыңдар,Үкіметің ештеңе де істемейді,Шалдың салып берген 100 қадамымен ақырын жүріп,анық басамыз,ура!
0 дауыс
Мұнай бағасы төмендеуі, доллардың өсуіне әсер етеді ма?

Ілияс, сұпақты дұрыстап қойыңыз. "Етеді ма?"емес, "ете ме?"
...