+1 дауыс
1.0k көрілді

Валюта айырбастау орындарында 1 доллар бағасы 257 теңге көлемінде белгіленуде. Алайда сауда әлі жүріп жатқандықтан, соңғы құны бұдан төмен болуы мүмкін. Кеше сарапшылар доллардың орташа бағамы 230 теңге шамасында болуы керек деген пікір айтып жатыр. Жалпы доллар бағасы неліктен көтеріліп кетті?

5 жауап

0 дауыс

KASE қор биржасында курстың орташа салыстырмалы бағамы түсіп жатыр. 20 тамыздың 12.04 жағдайында бағам 253,08 теңге болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 11.30-дан 15.30-ге дейін күндізгі сессия өтіп жатыр. Ал таңғы сессия, бұған дейін хабарлағанымыздай, қорытынды бағамы 255,26 теңгемен аяқталған еді.  

Күндізгі сессия келісім бойынша 257 теңгемен өтті. Максималды құны 257,2 болды. Соңғы сессия бойынша сағат 12.04 жағдайында 254 теңге болды. Осы уақытта сауда көлемі 10,5 миллиард теңге.

Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

tengrinews.kz

0 дауыс
Доллардың курсын көтермей ұстап отыратын болса көптеген миллиондарды үкімет шығындауға тура келеді. Сол себепті курс көтерілуде
0 дауыс
Келімбетовтің доллардың 190 теңгеден аспайтыны жайлы уәдесінің орындалмауы Үкіметте түсіндірілді Бүгін Үкіметте Ұлттық банк басшысының доллар бағамының алдағы маусымда 190 теңгеден жоғары болмайтыны туралы уәдесінде тұрмағанына түсінік берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кәрім Мәсімовтің айтуынша, 15 шілдеде Ұлттық банк валюта дәлізінің кеңеюі жайлы шешімді теңге бағамының иілгіш әрі еркін құрылуын қамтамасыз ету мақсатында шығарды. «Алайда, жаһандық экономикадағы жағдай нашарлап жатыр, еліміздің негізгі экспорттық өнімдері — мұнай мен металлға деген әлемдік бағасы түсіп жатыр, бұл жалпы ішкі өнімге жағымсыз әсер етеді және отандық экономиканың сыртқы шоктарға осалдығын арттырады», — деді премьер-министр. Оның айтуынша, экспорттық табыстардың төмендеуі республикалық бюджеттің табысы мен елдің төлем балансына жағымсыз әсерін береді. Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. Ол Үкіметтің және Ұлттық банктің халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау бойынша және бағаның , әсіресе маңызды азық-түлік пен қызметтердің бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шараларды жүргізетінін айтты. «Айырбас бағамының мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын нарықтағы сұранысы мен ұсынысы экономикалық дамуды қайта құруға, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің жоғарылуына, 3-4 пайызға дейін ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті мүмкіндіктерді туғызады», — деді Мәсімов.
0 дауыс
Ресей АҚШ-қа санкция жариялағаннан шығар

Рубль түсіп, доллар көтеріліп жатқаны
0 дауыс
Мұнайдың сапасы төмендейінен.

Содансоң өнеркәсіптен шығатын тауарлардың құныда төмендеуі.

Тағыда басқа осы сияқтылар жалғаса беретін болса мемелкеттерде шығын көбейе береді. Кризис пайда бола бастайды.
...