+1 дауыс
2.4k көрілді
Жастық шақтан не пайда???

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жастық шақ әрдайым бақытқа толы деп ойлау - жастық шағы өтіп кеткендердің бос қиялы ғана. Жастық шақтың қиындығын жастар ғана түсінеді. Бала кезінде ересектер санасына сіңіріп тастаған жалған идеалдар мен шынайы өмірдің арасындағы айырмашылықтың қаншалықты үлкен екенін адам жастық шағында ғана сезінеді. Бұл жастар үшін үлкен соққы болады, жанына жара салады. 

( Сомерсет Моэм)

Адам өмірін бір тәулікке теңесек, күндік жоспарыңның ең көп бөлігі орындалатын түс кезіне ұқсайды жастық шақ. Кешкі аста көңіл күйіңнің қандай болатыны, ұйықтар алдында қандай оймен көз ілетінің түсте не істегеніңе байланысты болатын сияқты...Түсте қанша шаршасақ та, қанша қиналсақ та, Күн ұясына батар шақта сол сәттер тәуліктің ең жарқын мезгілі ретінде ойға оралатын тәрізді...

Туууф... не деген сөздер!
Жастық шақтан не пайда? жарқ етіп бір жанбасаң, лап-лап етіп!!!
+3 дауыс
Адам өмірін төрт мезгілге бөліп алатын болсаңыз. Жастық шақ оның көктемі. Жеміс жидек үшін көктем қаншалықты маңызды, пайдалы болса, жастық шақ та біз үшін тура солай. Жастық шақта үйренген білгендерімізді үлкейген уақытта кəдеге асырамыз.
+1 дауыс
Қартайған кезде айтып отыру үшін керек.
Кезінде комптан тұрмаушы едік деп па
0 дауыс
Нағыз уайым жоқ еркін шаттық жастық шақ емес пе...

Ұқсас сұрақтар

...