0 дауыс
1.8k көрілді
Асаба Алібек Серғалиев туралы толық ақпарат?

1 жауап

0 дауыс

Әлібек Серғалиев – айтыс өнерінде солтүстік қазақстандықтардың үкілі үміті, өзі айтқандай «Ерік Асқаровтың запасной доңғалағы» еді. 8-сыныптан бастап қолына домбыра алып, өзінен үлкендермен сөз қағыстырып өскен баланың жұлдызы нақ екі жыл бұрын Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында жарқ етіп жанып еді. Сонда ол өзінің мықтылығын мойындатып, кіл жүйріктерді артқа тастап, айтулы додада бірінші орынға ие болып еді. Осыдан кейін оған «Солтүстіктің солақайы»(домбырада сол қолмен ойнағасын) деген айдар тағылып, болашағына зор үміт артылды. Алайда Әлібек жұлдызды сәтінен кейін бір-екі рет көрінді де айтыстан қол үзді. Халқы телеарнадағы айтыстардан күтті, бірақ көрінбеді. Туған жерінде өткен барлық айтыстарға шақырды, келмеді. Қысқасы, Әлібек «айтыстан кетті» дегенге сенбеді. Халықтың көкейіндегі «неге ол айтыспен ерте қоштасты?» деген сауалға біз де жауабын іздеп өзіне хабарластық.

Әлібек Серғалиев: Тойдан қол тимегесін, айтыстан қол үзіп кеттім

Айтыста енді ғана үлкен сахнаға шығып биіктерді бағындырып келе жатыр едің… Осындай жұлдызды сәтіңде бұл өнерден неге қол үздің?

Жалпы айтыс деген – оңай өнер емес. Сахынада ел де риза болатындай, өзің де риза болатындай жүйелі сөздер шығатын кездерім болады. Ол үшін аламанға дейінгі дайындығым мықты болу керек. 20 минуттық айтыстың өзіне 20 күн дайындық керек. Менің айтыстан кетуімнің ең басты себебі, дайындыққа уақытым болмады. Екіншіден, айтыстан бір-екі жыл көлемінде демалып көрейін дедім. Өзің айтысып жүргеннен кейін, басқа ақындардың айтысын көрермен ретінде тамашалай алмайсың ғой. Ал қазір менде ақындарды зерттеуге мүмкіндік бар. Бәлкім, жақын арада шығып қалуым да ғажап емес. Міне бір жылдан артық айтыстан демалдым ғой.

Сөзіңіз аузыңызда, сонда айтыстан басқа уақытыңызды қайда жұмсадыңыз?

Өзің де білесің, халық та біледі, мен қазір асаба болып тойларды басқарамын. Ол жасырын емес. Кейде менде бір аптада бес күн қатарынан той болады. Деңгейді ұстап тұру үшін тойға да дайындық керек. Сондықтан менің бос күндерім тойға дайындықпен өтеді. Мен тойға шықпай тұрып бөлмеме қамалып алып, күнімен-түнімен дайындалатын едім. Ал қазір ондай мүмкіндік болмағасын, айтысқа дайындықсыз шыға салып, сұйық сөз айтып өзімнің құнымды, одан бұрын Қызылжар мен Көкшетаудың атынан шығып жүргесін, сол жердегі ақындардың құнын түсіргім келмеді. Сондықтан осы жеткен деңгейімде әзірше айтысты тоқтата тұрайын деп шештім.

Қазір тойдан басқа қандай да бір қызметте істеп жүрсіз ба?

Мемлекеттік немесе басқа қызметте істеп жүрген жоқпын. Әзірше өзіме өзім бастықпын. Себебі сағат таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін жұмыс істеуге табиғатым бағынбайды екен.

Бірде ұстазыңыз Арман Бердалин «Әлібек тойдың ақынына айналып бара жатыр» деп еді. Айтыс ақыны, сарай ақыны, жазба ақын дегенді білеміз «тойдың ақыны» дегенді түсіндіріп жіберсеңіз?

Шындығына келетін болсақ, жұрт мені тойға «асаба» деп емес, «ақын» деп шақырады. Көкшетауда, Астанада менімен аттас басқа да асабалар бар. Сондықтан менен той иелері «Сен ақын Әлібексің бе, жоқ әлде актер Әлібексің бе?» деп сұрайды. Той басқарғанда маған ең алдымен ақындығым, айтыскерлігім, әп-сәтте суырып салмалық қабілеттерім көмектеседі. Әрине оның барлығы – талай жыл айтысқа дайындалған еңбегімнің арқасы. Халық не десе, солай болады ғой. Егер халық мені айтыс ақын десе, айтыс ақынымын, тойдың ақыны десе, тойдың ақынымын.

Ақпарат көзі: kazaitys.kz

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
3 жауап
...