Жақында ғана "Полночь в Париже" деген фильмді көріп едім. Терең мағыналы ма, ол жағын білмедім. Жалпы ұнады. Бізге не себепті өткен дәуір әлдеқайда қызықты, өткен ғасырлардың тұлғалары анағұрлым ұлы, жетістіктері (өнер саласындағы) анағұрлым көрнекті боп сезілетіні жайында әңгіме болады. "Заплати другому" деген де жақсы фильм. Біреудің бізге істеген жақсылығын біз басқа бір адамға қайтарып берсек, осылай жалғаса берсе әлем өзгерер ме еді? Фильм осы жайында. "Патруль времени". Әлемдегі адамның бәрі менің тағы бір бейнем, яғни басқа кейіптегі өзім емеспін бе?-деп бір сәт ойландыратын фильм. Әзірге есіме түскендері осылар екен)