Сенде арман бар ма? Өміріңнің ең тәтті күндерін кешіп жүрсің. Еш уайымсыз күліп, уақыттың талай белін асып өттің. Жаның ауырмай, айдын көлде шалқып жүрсің. Қолда барды аямайсың, жоқты армандайсың. Уақыттың алтын тетігі өзімде деп ойлайсың. Алай да басасың, былай да басасың. Мәңгілікке нанасың. Армандардың еш себепсіз орындалатынына сенесің. Бәлкім, бұл да бір жақсы қасиет шығар. Өмірдің ғажайыптарына кіршіксіз сену. Сенемін. Сене беремін...
"Қиял күнделік"