Ммм қытайлықтар телевизоры,антенасы бар,үш-төрт симкарталы телефондарды шығаруды қойғалы қай заман.Қазір жаппай андройд операциялық жүйесіндегі толыққанды смартфон шығаруға көшкен.Заман талабы сондай.Әр түрлі форм фактордағы,дизайндағы нокиалық симбиан смартфондардың дәурені өтті.Ал қытайлық қазіргі смартфондарға келер болсақ Huawei,Xiaomi,Meizu,Lenovo,ZTE секілді танымал компаниялардың смартфондары Қытай нарығынан шығып алыс-жақын шет елдерде сатылуда.Біздің қазақстандық сауда орындарынан көріп жүрген шығарсыз.Аталған смартфондардан бөлек қытайдың ішінде ТНL,Vivo,Ocean,Oppo т.б. бізге танымал емес маркалар жетіп артылады.Характеристикасы жоғары деңгейде әрі бағалары қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсірмейді.Сондықтан жергілікті смартфондардың өтімділігі Samsung,Apple секілді әлемдік алпауыттардан әлдеқайда жоғары. Қолдануға келер болсақ,әрине болады неге болмасын.Тек ресми сауда орындарынан,сенімді дүкендерден алғаныңыз жөн.Интернет арқылы тапсырыс берсеңіз тұтынушылары көп,жақсы пікір қалдырған,адал саудагерден алу керек.Әйтпесе мыңдаған шақырым асып,айлап келетін тауардың қандай күйде жететіні белгісіз.