Мені сыртымнан бақылап жүрген братан сол үш қызды жібергенін мен енді-енді түсіне бастадым. Бірақ ол братан криминальный мир да жүрген болатын, ауылға келмейді, тек алматы-питер жүретін, қырғыздардан жеткізетін, разборка, қырғыз мафияларын лақтыру оның кәсібі болыпты, қазір ол өмірде бар ма? жоқ жоқ па?,қайтыс болғанын естідік сол питерде, бірақ нақты дерек жоқ, мүмкін шетелде жүрген шығар, нағыз жүрегінің түгі бар жігіт еді, менмін деген рекеттер одан қорқатын дейді. Маған көшеде бір орыс жігіт айтқан алдында, осында сені бір землягың күтеді деп, бірақ атын олар білмейді екен кличкасы Бабек болып жүріпті.Оның шын есімін олар білмеген.