Кітапты жүктеу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
https://yadi.sk/i/1Rj9ZGlV37n8MD
Бұл сұмдықты қараша тау бөктеріндегі қарасы жиырма шақты үйлі шағын ауыл келесі күні білді. Құлағы бар адам тегіс естіді. Бірақ бұған селт еткен ешкім жоқ. Терезелері жермен-жексен сығырая шөгіп, қабырғалары мүжілген соқпа тамда тұратын, өздері де сол жер үйлердей әбден тозып, төменшік тартып басылған жүдеу жандар мылқау адамдарша үнсіз меңірейіп тыңдайды да қояды. Аядай ауыл- да үйді-үйге кіріп, көзінің сорасы ағып жүрген жалғыз Әлима. Оған ақыл айтып, ой қосқан тірі пенде жоқ. Не іздеу салып, Әлимамен бір- ге ілесіп, жан-жақты шолып, тым құрмаса көңілін аулаған, мүсіркеген біреу болсашы. Ауыл да тым-тырыс меңіреу, ауыл адамдары да мәңгі. Бұл ауыл біреудің қайғысына күйзелудің не екенін де ұмытқан тәрізді. Әлимаға сұмдық көрінген жай ауыл адамдарына сұмдық та, оғаш та көрінбейтін сияқты.
Әлима – осы ауылдағы жесір әйел. Күйеуінен тірідей айрылғанына биыл бақандай он жыл. Ол кезде Аманайы бесіктегі үш айлық бала еді. Қазір он жасар сол ұлы мен енесі Балзия кемпір – үшеуі ауыр тұрмысты бастарынан өткеріп, тапшылық тауқыметін татып, өлмешінің күнімен қалт-құлт тіршілік етіп жатыр. Бұдан үш күн бұрын Әлима алыс бір жамағайынының үйінде түннің бір уағына дейін болып, кеш оралған. Қолында бетін майлық орамалмен қымтап жапқан меске. Мескеде ешкі етінен жасалған сал- ма. Соңғы ұзақ жылдар бойы осы қараша ауылда бір-ақ үйде нәресте пайда болып, бір-ақ үйде бес-алты әйелдің басын қосқан шілдеха- на өтті. Сол шілдеханадан ала қайтқан сарқыт. Көптен ауыздары- на жас еттен пісірген ыстық ас тимеген Аманайы мен енесіне әкеле жатқан өзінше табысы. Бірақ Аманайы болмаса, Балзия кемпір астан қалғалы қашан. Жетпіс үшке келген Балзия «биыл осы мүшел жас- тан қалар ма екенмін, қауіпті жас» деп жүретін. Айтқанындай, ана- мынаға қайыспайтын, асыл сүйекті мықты кемпір, өз-өзіне сөзі тиіп не тілі өткендей, ұшып жығылды. Алғашқыда тұмау боп тиген ауру 6 бірден алып ұрды да, арты сүзекке айналып, төсек тартып жатып алды. Бір айдай төсек тартқан сырқат кейінгі бір жұмада астан да қалған. Ішетіні ыстық шай ғана. Аузының дәмін алып соратыны – биыл алыстағы бір жамағайындары жіберген құрттан үнемдеген аз ғана малта.
Бас көтеретін еркегі жоқ үйде соңғы кезде жермай да таусылған. Үнемдеп жағатындары білтелі май шам. Әлима қысы-жазы тиегі са- лынбай ашық тұратын ауыз үйдің тапал есігін иығымен итеріп кірді де, мескені еденге қойып, біраз сипалап жүріп, үнемі пеш кенересінде тұратын жыпылық май шамды босаға жақтағы арса-арсасы шыққан кебеженің үстінен тапты. Сықсиманы қолына алып, бұл уақытта шырт ұйқыда жататын ұлын аяп тұрды да, майы тез қататын ешкінің салмасы суып кетер деп, төргі үйге кірді. Кірді де, әуелі, «қара көлеңкеде көзім үйренбей тұр ма?» дегендей, екі төсекке бірдей ұзақ қарады. Екі төсекте де ешкім көрінбеген соң, қолын көлегейледі. Онда да ештеме көрінбеді. Әлима енді шамды шы- нылары жамау-жамау, атам заманда бояған көк сыры қара қошқыл ысқа айналған төрт көз терезенің алдына апарып қойды да, өз көзіне өзі сен- бегендей, екі төсекті де қолымен сипалады. Екі төсектің үсті де мұздай. Әлиманың да жүрегі бір сәт мұздай боп кетті де, өзінің төсағашына келіп аз отырған соң барып жүрегі орнына түскендей болды. Аманай жасынан әжесінің қойнына жатып үйренген. Осы соңғы бір айдың ішінде ғана, кемпір сырқаттанып қалған соң, амалсыз өз шешесі Әлиманың қойнына ауысқан. Осы бір ай ішінде Әлима да аналық мейірім, аналық сезімнің не екенін тұңғыш рет ұққандай. Ұлын құшақтап, маңдайынан иіскеп, бұйығып ұйықтағалы күннен- күнге бауыр басып бара жатқан. Енді енесі ауруынан айыққан күнде қасындағы Аманайынан қалай айырылатынын ойлағанда, кәдімгідей күйзеліп қалатын. Осыны тағы да ойлап отырып, төсегіне қисайды. «Қой, өзі де мінезі тік әрі кіді енемді ренжітпейін, енді көп болса, бірер жұма қасында болар, кәріп жанды жасытпайын» деп, тысқа әжесін шығарып кеткен Аманайын, санаулы күндері қалған Балзия кемпірдің ғаріптігін ойлап жатып, қалай ұйықтап кеткенін білмеді. Ежелден ұйқысы қатты Әлимаға бұл түн мазасыз түн болды. Күзге салым салқын тартқан едені сыз, қабырғалары ызғар жер үйде тоңазыған келіншек астындағы қалың, ауыр көрпені ұйқылы- ояу үстіне тартқылап, бір шалғайымен ғана бүркеніп, алғашқыда жылы бұйығып тәтті бір ұйқы құшағына кіргендей еді, әлден уақытта жүрегі өз-өзінен өрекпіп, жиі-жиі дүрсілдеп, тынысы тарыла берді. 7 Жартылай жамылған көрпесін серпіп тастап, әлсін-әлсін аунақшып, қырынан ұзақ жата алмай дөңбекшиді. Неше бір түсініксіз, бір- біріне байланыссыз шым-шытырық түстер көріп жатып, ақыры бастығырылады. Әлдебір ғаламат албастыға ұқсаған бірдеме екі иығынан басып тырп еткізбейді. Бірдеме дейін десе аузы ашылмайды, тек еріндері ғана жыбырлайтын сияқты. Тынысы бітіп, енді өлдім-ау, өлдім-ау деп тұншығып жатқанда шошып оянып, көзін ашып алды. Айдың жарығынан ба, әлде таң атқан ба, үй іші бозамық тартып, алакөлеңкеленіп қалыпты. Тұла бойы жеңілденіп, аяқ-қолы икемге келіп қимылдаған Әлима енді түсінде емес, өңінде шошыды. Енесінің төсегіне көзі түскенде, қалай ішін тартып, орнынан ұшып тұрғанын байқамады. Тысқа шықты деген кемпір мен бала әлі жоқ. «Бұларға бір бәле болған екен, бәсе, жүрегі құрғыр алып-ұшып бірдемені сез- гендей еді» деп үрейленген Әлима тысқа ата жөнелді. Үйдің маңын төңіректеп, күл, көң төгілген әр қалтарыс, бұлтарыс- ты, шұқанақ, ұра атаулыны тегіс аралап, терең орлардың түбіне үңіліп, тінте қарап дағдарған Әлима уақыт өткен сайын үрейленіп, тырс ет- кенге құлағын тігіп, ауыл сыртындағы жыра сайлар мен сидиған әр түп шидің түбіне дейін түк қалдырмай сүзіп шықты. Кемпір де, бала да үшті-күйлі жоқ. Күн шығып, ел орнынан тұрғанша бір барған жеріне екі-үш қайтара барып, аядай ауылдың маңын шыр айнала жүгіріп, алқынған бейбақ, енді тоқал тамдардың терезесін, есігін ұрғылап, жұртты оята бастаған. Ұйқыдан маужырап, көзін аша алмай есінеген қатын-қалаштың бәрінің жауабы біреу-ақ: «Біздің үйден не алады ол. Келген жоқ... Е-е, өлмелі кемпір қайда кетуші еді, жүрген шығар бой жасап...» «Жүрген шығар бой жасап...». «Сонда қайда жүрмек?» Аманай ғана болса бір сәрі. Төсек тартып хал үстінде жатқан кемпірді жын көтеріп әкетпесе, кім әкетпек? Анда-санда ғана немересі мен келінінің сүйемелдеуімен тысқа шығып, қарға адым жерге қырық бөгеліп, қырық жөтеліп жететін кәріп қайда кетіп, қайда ұзамақ... «Тұра тұр, тұра тұр... айтқандай, алдыңкүні, қазан астына тамызыққа қурай шауып әкелген жолы, қараңғы шошалада жалғыз күйбеңдеп жүрген кемпірдің үстінен шыққаны қайда? Алжиын дегені ме: кемпір өз- өзінен қуыстанып, әлдебірдеңелерді камзолының өңіріне тыққыштап, сасқалақтап қалғаны қайда? Сол күні кемпірдің өңі де бұрынғысынан тәуір, сөзі де пысықтау сияқты емес пе еді. Шынымен өлер алдында бой жасағаны ма, әлде? Қайтадан сауығайын дегені ме? Ал сауықсын, сонда қайда бармақ?»