+1 дауыс
523 көрілді
Универге түскен түспегенді қай сайттан қарауға болады???????????????????????????????????????????????????????

2 жауап

+1 дауыс

ертең құдай қаласа http://egemen.kz/ сайтына шығады деп күтілуде 

+1 дауыс

пГрант иегерлері тізімі таяу күндері баспасөз беттерінде жарияланады
Кеше Астанада Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов төрағалық ететін білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Оның құрамында мемлекеттік органдар қызметкерлері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Азаматтық альянсының, Ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары бар. Білім және ғылым министр­лі­гі­­нің баспасөз қызметі хабар­ла­ған­дай, ведомство соңғы уақытта сту­денттік орта құру мен таңдау сапа­сын көтеру бағытында бірқа­тар жүйе­лі жұмыстарды жүргі­зуде. Ко­миссия бұл жолы да осы қағи­­датты ұстанады. Ол жоғары оқу орын­­дарына студенттер қа­был­­дау жө­ніндегі дайындық жұ­мыс­­тарының қорытындысын шы­ғарады. Отырыста 2015 жылға бөлінген 32 168 грант иегерлері анық­та­лады. Оның 500-і жоғары оқу орындарының дайындық бөлім­деріне берілсе, 29 668-і 1 курсқа студенттер қабылдауға арналған. Соның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны – 29 168, сырттай үшін – 500. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеңіп алды

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрін­жіпов мемлекеттік тапсырыс құ­рылымы үстіміздегі жы­лы қай­та қаралғанын атап өтті. «Мем­лекеттің әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуында стра­тегиялық басымдыққа, ең алдымен Ел­басы жариялаған индус­трия­лық-инновациялық даму бағы­ты­на көңіл бөлінеді. Сол сияқты агро­өнеркәсіп кешенін дамы­ту маман­дықтары ерекше назарға алынады. Осындай мемле­кеттік тапсырыстар еңбек нары­ғында жоғары білікті кадр­ларды дайындау құрылымын тиімді қалыптастыруға әсер етеді», – деп атап өтті министр. Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант – тү­лек­терді техникалық және техно­ло­гиялық, 6000-ға жуық грант – пе­дагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға бөлінген. Жалпы, 2015 жылы білім гранттарын алуға 67 377 түлек үміткер болып отыр. Олардың 53 162-сі – қазақ, 14 215-і орыс мектептерін бітірген. Сол сияқты «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберіндегі квотаны алу жолындағы бәсекеге 6457 мектеп бітіруші қатысады. Конкурсқа қатысушылар арасында «Алтын белгі» төсбелгісінің 2 116 иегері бар. Ал 2014 жылы мұн­дай түлектердің саны 1 732 бол­ған еді. Бұлардан бөлек, үміт­кер­лер арасында Назарбаев зият­кер­лік мектептерінің 1 255 түлегі (2014 ж. – 323), жалпы білім бе­ре­тін пәндер бойынша халық­аралық жә­не республикалық олим­пиа­да­лардың 163 жеңімпазы (2014 ж. – 179), жалпы білім бере­тін пән­дер халықаралық және рес­пуб­ликалық ғылыми жарыс­тардың 930 жеңімпазы (2014 ж. – 921), рес­пуб­ликалық және халық­ара­лық спорт жарыстарының 816 жеңімпазы (2014 ж. – 891), Пре­зи­денттік олим­пиаданың 6 жеңім­пазы (2014 ж. – 13) бар. Олардың бәрі білім беру гран­тын тағайындау кезінде басым­дықтарға ие болады. Хабарламада конкурсқа қаты­сатындар арасында, сондай-ақ, 483 жетім баланың (2014 ж. – 426), I жә­не II топтардағы 341 мүге­дек­тің (2014 ж. – 356) бар екені айтыл­ған. Сол сияқты соғысқа қаты­су­шыларға теңестірілген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша 20 абитуриент (2014 ж. – 5) конкурсқа түсіп отыр. Мұнымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының 1 190 өкі­ліне квота белгіленген. 2014 жы­лы оның саны 1 194 болған еді. Комиссия жұмысын аяқ­та­ған­нан кейін оның қорытындылары республикалық ресми басылымдарда жарияланады


Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/08/06/72245

...