Шашты қаншалықты жиі жуу керек?
Кейбіреулер суға күнделікті түседі, ал басқалары аптасына бір-ақ рет жуынады. Ал шын мәнінде шашты қаншалықты жиі жуу керек?
Мінсіз шаштың иегері болғымыз келетіні соншалық, артық кетіп, шашты күнде жуатынымыз бар. Ал бұл оның тезірек кірленуіне ықпал береді.
Сонымен шашты қаншалықты жиі жуу керек? Ол шаштың түріне, бас терісінің жағдайына тікелей байланысты. Шашыңызды оның кірленуіне қарай жуып жүріңіз. Егер шашыңыз жуғаннан кейін 2-3 күн жақсы көрініп, жатса, онда осы уақыттан кейін ғана жуынғаныңыз дұрыс. Егер шашыңыз бір күннен кейін-ақ майланып тұрса, шашыңызды жаман үйретпей, жиі жуа бермеңіз. Бірінші кезек құрғақ сусабын қолданып көріңіз. Ұнтақ сияқты болатын оны шаш түбіне жағып, артығын қағып жіберіңіз. Ол майлы жылтырдан арылтып, шашты тағы бір күнге жумауға мүмкіндік береді.
Шашыңыз тым майлы болса, дұрыс сусабын таңдаған өте маңызды. Сусабын алғанда шаштың түріне емес, бас терісінің түріне арналғанын алыңыз. Майлы теріге арналған арнайы сусабын таңдаған дұрыс. Сондай-ақ бас терісін арнайы скрабтармен тазартып отырсаңыз болады. Осылайша оның майлығынан және түрлі косметикалық құралдардың қалдықтарынан арыласыз.
Құбыр суы шаштың тез майлануының тағы да бір себебі. Сондықтан шаш жууға басқа, таза суды қолданған абзал. Суға ллимон шырынын не алма сірке суын қосып, жұмсартуға болады.
Шашты жуу жиілігіңіз дұрыс болса, олар әрқашан күтілген көрінеді.