Мына халықтар европеоидқа жата ма? Монголоидқа жата ма?

+1 дауыс
479 қаралым
Үндістандықтар, Пакистандықтар, Парсылар, Арабтар, Өзбектер бет келбеттері, дене бітімі жағынан европеоидқа жата ма? Монголоидқа жата ма? Өйткені бәрі де Азияда тұрады ғой, көздері неге үлкен?.Осы жерде ғалымдар қателеседі деп ойлаймын. Болжамдары дұрыс емес.
Өмір, Тіршілік

3 жауап

0 дауыс
Өзбектен басқалары негроидқа жатады, өзбек монголоидқа
0 дауыс
Қателескен ғалымдар жоқ өзіңіз қате түсінбесеңіз.Сіз мысал ретінде келтірген халықтар Европоидтық нәсілге жатады Азияда өмір сүріп жатқанымен.Википедиядан алынған(орысша бір адамдай түсінетін шығарсыз):
Европео́идная ра́са (также называется евразийская или кавказоидная[1]) — раса, распространённая в Европе,Передней Азии, Северной Африке, частично в Средней Азии и северной и центральной Индии;
0 дауыс

Еуропалық нәсіл , еуразиялық нәсіл — жер бетінде кеңінен тараған көне нәсілдердің бірі. ЕуропағаСолтүстік АфрикағаАлдыңғы АзияғаСолтүстік Үндістанға, еуропалықтар отарға айналдырған аймақтар — АмерикаАвстралияОңтүстік Африкаға тараған. Олардың ең алғаш шыққан жері — Еуропа, қалыптасқан дәуірі — палеолиттің соңғы кезеңі. Еуропалық нәсілге жататын адамдардың шығу тегі ұқсас, әрі сыртқы түр-тұлғасы, яғни морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б. тұқым қуалаушылық белгілері де бір-біріне жақын үлкен топты құрайды. Еуропалық нәсілдің бойы ұзын, терісі мен шаштары біркелкі, түсі ақшал-сарғыш, сақал-мұрты қалың, бас сүйегі ұзынша, бет пішіні сопақтау келген, мұрыны қырлы, әрі түзу және танау тесіктері бір-біріне жақын, қатарласа орналасқан енсіздеу, көзінің үстіңгі қабағындағы қатпарлары айқын байқалмайды, жақ сүйектері алға шығыңқы емес, еріндері жұқа, көздерінің түсі көбіне көкшіл келеді. Терісінің ақшыл түсті болуы күннің ультра күлгін сәулелерін терісіне сіңіру арқылы Д витаминінің түзілуіне мүмкіндік жасайды да, мешел ауруына шалдықпауына әсер етеді. Еуропалық нәсілге антропологиялық сипаттама шашының, көзінің, терісінің түс ерекшеліктеріне қарап беріледі. Осыған байланысты оны үш топқа бөледі: 1) оңтүстік тобы — бұған Еуразияның оңтүстік аймақтарында тұратын адамдар жатады. Олардың терісінің түсі қоңырқай, көздері мен шаштарының түсі қарақоңыр болып келеді; 2) Еуразияның солтүстік аймағында тұратындардың терісі мен шашының түстері ақшыл-ашық, көздері көкшіл түсті болады; 3) Еуразияның ортүстік аймағында тұратындары шашы, терісі ақшыл, кейбірінің терісінің, көзінің де түсі көкшіл түсті болады. Еуропалық нәсілді кейде Атлант-балтық тобы (НорвегияФинляндияШвецияҰлыбританияИрландияИсландияНидерландГермания,ЭстонияЛатвия тұрғындары), ортаеуропалық топ (Батыс ЕуропаОртүстік ЕуропаУкраинаБеларусь тұрғындары), Балқан-Кавказ тобы (ЮгославияГрекия,БолгарияОңтүстік АвстрияСолтүстік Италия, т.б. тұрғындары), Үнді-Жерорта теңізі тобы (ИспанияИталияФранцияЖерорта теңізіндегі аралдар тұрғындары),Ақтеңіз-балтық теңізі тобы (Ресейдің еуропалық бөлігінің тұрғындары), Орал тобы (Коми-ПермьМари-ЭлМордовияУдмуртия халқы), Оңтүстік Сібір тобы (Еділ өзенінің бойындағы тұрғындар) деп бөледі. Орыс халқының көпшілігі Еуропалық нәсілдің ортаеуропалық түріне жатады. Еуропалық нәсілдің шет аймақтарда тұратын халықтары көптеген аралас типтер арқылы моңғол және зәңгі нәсілдерімен бірігіп кеткен.

 

 

127,721 сұрақ
322,308 жауап
153,186 пікір
72,722 қолданушы