+2 дауыс
4.7k көрілді

Ерін бояу. Ерінді қалай бояу керек? Мына әдіс қалай көмектеседі ма?

Ерінді бояу – тек далап жағу ғана емес, ол да өзіндік бір өнер. Дұрыс боялмаған ерін сізді сұрпайы көрсетіп, көзіңізге жаққан макияжды, ол қанша әдемі болса да, мәнін кетіреді. 
Ерінді бояу бірнеше кезеңнен тұрады.
1) Ерінді бояуды ең алдымен тональды крем жағудан бастау керек. Крем далаптың ерінде ұзақ тұруына ықпал етеді. Кремнің бір тамшысын ерінге жағып, қылшықпен бірыңғай жағыңыз. Егер ерніңізді біршама үлкейткіңіз келсе, ерніңіздің сол жеріне кремді асырып жағыңыз;
2) Одан кейін далап ұзақ тұруы үшін әрі ерінді үлкейту үшін ерін шетімен қарындашпен сызық жүргізу керек. Ерін сыртына асырып жаққан тональды кремнің үстіңгі жағын сызу керек. Сызықты ерін ұштарынан ортасына қарай бағытта жүргізу керек. Қарындаш түсі далап түсімен сәйкес болуы керек. Қарындашты далап үстінен басқа түсті екендігін көрсетіп тұрып жағатындар бар! Бұл жеңілтек қыздардың кейпін беріп, өте сұрықсыз көрінеді, сондықтан сіздің жаққан қарындашыңыздың түсі далап түсімен бірдей болып, білінбей тұруы керек, ал егер сіз далап емес, ерінге арналған жылтырды ғана қолдансаңыз, қарындаш түсі ерін түсімен бірдей болу керек;
3) Одан кейін далапты жағамыз;
4) Далапты жаққан соң, оны сулықпен бір сүртіп аламыз. Ерінде тек далаптың реңкі қалғандай көрінуі керек. 
5) Одан кейін опа жағамыз. Опа ерінге барқыт нәзіктік кейіп береді. ақындар жырлайтын нағыз алқызыл нәзік ерінге соның көмегімен жетуге болады. Сонымен қатар, опа еріндегі далап қандай анық, жылтыр түсті болса да, сіздің ерніңіздің жаратылысы өзі сондай секілді ой тудырады. Ерінге опаны аз ғана сеуіп, саусағыңызбен түртіп қана жағыңыз.
6) Содан кейін далаптан тағы бір қабат жағамыз.
7) Енді жылтыр жағу кезегі де жетті. Жылтырды тек астыңғы ерінге ғана жағу жеткілікті. Оны негізінен астыңғы еріннің орта тұсына жаққан дұрыс, бұл сізге нәзікті, биязылық кейіп береді.
 

То чувство когда в вопросе уже есть ответ)
))))) Дұрыс айтасың

2 жауап

+2 дауыс
Ерінді бояу - жай ғана қызартып қоя салудан тұрмайды. Оның да жөні мен жобасы, таңдауы мен талғамы бар. Жарайды, сіздің ерніңіз табиғи қызылдығын,нәзіктігі мен піскен шиедей томпақтығын сақтаған дейік. Бірақ сізге оны ұзақ уақыт сақтау үшін күте білудің жолдарын үйрену керек.
Еріннің әдемілігі – күтімнен
Ерін - әйел бойындағы әдемілігі мен оның өзіне күтім жасай алатындығын білдіретін әсем орны. Ерінді жасыра алмайсың, себебі ол үнемі назарда, сондықтан да жарылады, кебеді және әжім түседі. Ерін терісінде май бездері жоқ, әлбетте, оның ең жоғарғы қабаты барлығын қабылдайды. Кеуіп, түлеп кететіндігі де соның әсерінен.
Әйелдің ерні - оның жасынан хабардар етеді. Дұрыс күтілмеген ерін әйелді өз жасынан әлдеқайда қартайтып көрсетеді.
Еріннің терісіне А және Е дәрумендері қажет. Олар қоректендіреді және ылғалдандырып тұрады. Сондықтан, далапты сатып алмас бұрын оның құрамында осындай дәрумендердің барлығына мән беріңіз. Ерінге кері әсер ететін сыртқы факторлардан қорғану үшін бірнеше кеңесті ұсынып отырмыз. Жасап көріңіз, ұнап жатса құрбыларыңызға да кеңес берерсіз.
* Еріннің терісі көз айналасыныкімен ұқсас келеді. Сондықтан көздің макияжын сүртіп тұратын сұйықтықпен міндетті түрде ерінді де бір рет сүртіп алсаңыз, түрлі микробтар мен далап қалдықтарынан тазалайды.
* Ерніңізге ұдайы қаймақ жағып тұрыңыз. Әсіресе, демалыс күндері балғын қаймақты жұқалап жағып, кепкенше күтіңіз де, жылы сумен шайып тастаңыз. Осылайша 5 рет қайталасаңыз, ерніңіздің шексіз алғысына бөленесіз.
* Зәйтүн майы да қазір қол жетпестей тым қымбат емес. Оның 5-6 тамшысына бір тілік кивиді жаншып, шыққан қоспаны ерніңізге жағыңыз. Құрамындағы А және Е дәруменімен ерніңізді қоректендіресіз.
* Ерніңіз жарыла бере ме? Кәдімгі сүзбені майлы сүтке аздап араластырып, қоймалжың жасап, 15 минутқа жағып қойыңыз. Жуып тастаған соң жатарда аздап жарықмаймен сүртіп алсаңыз, бірнеше күннен кейін ол мәселемен біржолата қош айтысасыз.
* Түлей беретін ерінге әлі піспеген алманы үккіштен өткізіп, оны тұздалмаған сары маймен араластырып жақса, нәтижесін тез береді. Қоспаны ерінге күн сайын 15 минут жағып ұстау қажет.
* Түлеген ерінге кәдімге балмен сүрту де жақсы көмектеседі. Оны жуып тастаудың да қажеті жоқ.
* Ерін күтіміне арналған бальзам үнемі қол астында болсын.
Ерінге макияж жасау – әйелдің өнері
Ерінді бояу - далапты жай ғана сүйкеп ала салудан тұрмайды. Оны бояудың белгілі бір кезеңі мен кезегі болады. Айырмашылығын өзіңіз-ақ ажырата жатарсыз, алдымен уақыт тауып, біз ұсынған кеңес бойынша боянып көріңізші. Бірнеше кезеңнен тұратын ерін макияжына «уақыт көп кетеді екен» деп үрке қарамаңыз. Оған бар-жоғы 5-6 минутыңызды ғана кетіресіз.
Дайындық.Олмакияждың ұзақ сақталуына негізделеді. Жоғарыдағы келтірілген кеңеске құлақ асқан болсаңыз, ерніңіз бояуға дайын. Сонда да алдымен құрғақ ерінге ылғалдылықты ұзақ сақтау үшін сапалы бальзамды жұқалап жағасыз. Ерніңіз тым майланып кетсе, қағаз майлықты басып алыңыз. Егер бальзамды жаққан соң да ерніңізде құрғақ қабықшалар қалған болса, жылы сумен жуып, қылшығы жұмсақ тіс шөткесімен үйкелеп алып тастауға болады.
Ерін жиегін айқындау.Ерніңіздің жиегі анық байқалып тұрса да оны айқындап алу керек. Айқын жиек ерніңізге табиғилығынан да әдемі өң береді. Жиек - ерінге арналған, жақсылап ұшталған қарындаштың көмегімен жасалады. Ерінге немесе көз бояуға арналған қарындаштар әдетте жұмсақ келеді. Сондықтан оны ұштаудың алдында, тоңазытқыштың мұздатқышына салып алсаңыз, тамаша ұшталады. Енді іске кірісеміз: алдымен ерінді аздап опалап немесе бет терісіне жағатын күңгірт түс беретін негізді (тональный крем) еппен жағып алыңыз. Опаланған ерінге өзіңіз қалаған үлгісін салып, жиегін сыза аласыз. Егер қарындашты пайдалану, яғни жиек сызығын жасау қиындық тудырып жатса, бірнеше нүктелер жасап алып арасын қосып шықсаңыз, оңайырақ болады. Қорықпай сызықты батыра сала беріңіз, артығын мақта тампонымен сүртіп алсаңыз, айқын жиек те ұзақ сақталады.
Түспен толықтыру.Үшінші кезең - шешуші деп аталады. Демек, қалаған далап түсін дайын ерінге жаға аласыз. Ол үшін сізге басты құрал - далап жағуға арналған қылқалам қажет. «Мен немене, қылқаламмен ерін бояйтын суретшімін бе?» деп ойлап отырсыз ба? Әрине, сіз өзіңіз үшін нағыз қылқалам шебері болуға тиіссіз. Қылқаламмен жағылған далап біртегіс әрі қалыпты жағылады. Сонымен қатар далап та ерніңізден жылдам кетіп қалмай ұзақ сақталады. Далап қылқаламмен еріннің ортасынан бастап шетіне қарай жағылады. Өзіңізді шебер суретшідей сезініп, жеңіл саусақ қимылдарымен бірқалыпты етіп жағып шығыңыз. Ерніңізді бояп болған соң жұқа қағаз майлықты жеңіл «сүйіп» алыңыз. Далаптың артық жағылған тұстарын қағаз өзіне сіңіріп алады.
Кез келген бұрышта сатылатын арзан далаптартан сақтанып, құрамына кепілдік берілетін қымбат далаптың сапалысын таңдап, пайдаланыңыз. Әрі қарай үстінен жылтыр түс беретін далапты жағу-жақпау қажеттігін өз талғамыңызбен кеңесе отырып шешесіз.
Барлық кеңесті негізге ала тұрып ерніңізге макияж жасап болдыңыз ба? Егер далап түсін дұрыс таңдамаған болсаңыз, бар еңбегіңіздің зая кеткені.
Ерінді бояу арқылы қалай үлкейтуге болады?
Бұл кеңес кішкентай әрі қаймыжықтай жұқа еріннің иесіне арналады. Бояуға дайын ерінді алдымен опалап алып, содан соң жиегін айқындауға, яғни өзіңіздің қалаған үлкенірек еріннің «бейнесін» салуға дайындалыңыз. Жиек жасайтын қарындаш ерін мен далап түсінен 1 -2 тонға қоюлау болғаны дұрыс. Алдымен қарындашпен жоғарғы еріннің, содан соң төменгі еріннің табиғи жиегін сыртынан сызып шығыңыз. Сызықты ұзын етіп сызғаннан жіңішке сызықтарды бір-біріне жалғастыра сызған тиімдірек. Далап түсі қанық болса, томпақ болып көрінеді. Үстінен жылтыр түс беретін далапты міндетті түрде жағыңыз.
Үлкен ерінді кішірейту үлгісі
Ең бірінші есте сақтайтын нәрсе - егер ерніңіз толық әрі үлкен болса, қанық түстермен бояудың қажеті жоқ. Сонымен қатар жылтыр далап та сіз үшін емес. Сондықтан ерін жиегін опамен жасырып, қарындашпен табиғи сызықтың ішкі жағына жаңадан жиек түсіріңіз. Содан кейін ғана құрамында жылтыры жоқ, жұмсақ әрі күңгірт түсті далапты жағасыз. Ерніңіздің табиғи жиегін бояп болған соң опамен тағы да аздап бүркеп жібересіз.
Еріннің бірнеше түрі бар. Жұқа, жоғарысы толық, екі жиегі төмен түсіңкі, астыңғысы етті, жиегі білінбейтін және т.б.
2. Әлсіз шашты күту
Уақытпен сыналған халық емі бүгінгі заманауи косметологиялық тәсілдерден бір кем емес. Шашты күтуде, бастың терісін емдеуде олар әлдеқайда пайдалы.
Қазіргі өркениеттің дамуын сөреде тұрған түрлі косметикалық өнімдерден-ақ байқауға болады. Адам жаны қалағанның барлығы да бар сияқты көрінеді алғашқыда. Крем, скраб, пилинг, қолға, аяққа, бастың терісіне, шаш күтіміне арналған түрлі заттардың барлығын түстеп, түгендеп шығу мүмкін емес. Әсіресе, шаш күтіміне арналған заттар аз емес. Өндірушілердің сөзіне сенер болсақ, косметикалық өнімдер кез келген шаштың күтіміне жауап бере алатындай дәрежеде. Ал күнделікті тәжірибеде біз түрлі сусабындарды пайдаланғанда, бұл сөздердің шындыққа жанаса бермейтінін өзіміз де көріп жүрміз. Шаштың саулығы үшін неше түрлі сусабынды алмастырып, бальзамдар қолдануды ұмытпай жүргеннің өзінде еш нәтижеге қол жеткізе алмайтын кездер жиі. Сондықтан адам сусабын ауыстырудан шаршап, косметикалық өнімдердің жалаң жарнамасынан жалыққанда халық еміне құлақ асады. Қымбат сусабыннан гөрі шөппен, тұнбамен емделгені әрі арзан, әрі күткен нәтижеге қол жеткізуіне көмектеседі.
Шаштың күтімін дұрыс жасау үшін алдымен әлсіздігінің нақты себептерін білген жөн. Егер шаштың түсуі гормондық жүйенің бұзылуынан немесе қан айналымы жүйесінің ауытқуынан болса, онда тек табиғи еммен шектелуге болмайтыны рас. Мұндай кезде табиғи емді дәстүрлі еммен қатар қолданған дұрыс. Біз енді сіздердің назарларыңызға мамандардың әлсіз шашты күту жөніндегі ақыл-кеңесін ұсынбақшымыз.
Қайызғаққа қарсы халық емі
Қайызғақ - бастың терісі мен шашқа көп зақым келтіретін құбылыс. Оның шығуына «Ріtуrosроrum оvаlе» атты бактерияның пайда болуы себепші. Ол - әр адамның басында болады. Белгілі бір деңгейге дейін ол ешқандай залал тигізбейді. Егер белгілі бір себептерге байланысты бастың терісіндегі майдың құрамы өзгерсе, бұл бактерия көбейе бастайды. Сөйтіп, қайызғақ шектен тыс көп болып, шашқа залалын тигізеді. Ал терідегі майлардың не себепті өзгергенін трихолог маман анықтап бере алады.
Шөптен жасалған сенімді тұнба бар. Тұнбаны дайындауға түйежапырақ (ло-пух) тамырын, қалақайдың жапырақтарын, танап қырықбуыны (полевой хвощ), құлмақ бүршігін (шишка хмеля), мыңжапырақ (тысячелистник) гүлдерін бірдей мөлшерде алып, термосқа салып, қайнақ су құйып қойыңыз. Төрт сағаттан кейін тұнба дайын болады.
Қайызғақпен күрес кезінде қалақайды пайдалану жақсы нәтиже береді. Қалақайдың ұсақталған жапырақтарын жай отта жарты сағат қайнатып, үстіне сіркесу қосады. Бір литр суға бір ас қасық сіркесу қажет. Тұнбаны шашты жуғанда шаю үшін қолданады. Сары шаштыларға ескертпе: түймедақтан өзге шөптер сары шашқа басқа түс беруі мүмкін.
Шаш түсуден сақтану
Шаш түсу – бұл да өте жиі кездесетін дерт. Көп жағдайда шаш түсу ағзаның ішкі мүшелерінің ақауын білдіреді. «Егер күнделікті түсетін шаштың саны жүз талдан асса, онда дереу емделу қажет», - дейді дәрігерлер. Ешкім түскеншашын санап отырмайтыны анық. Сондықтан тым көп түсе бастаса секем алып, емделу қажеттілігін әр адам өзі де сезуі тиіс. Шашты түсуден сақтайтын қарапайым халық емі бар: ащы қызыл бұрыштың екі данасын алып, үстіне 70% спирттен бір стақан құйыңыз. Екі аптаға қараңғы жерге қойыңыз. Сосын бір ай бойы күнделікті тұнбаны шаш түбіне уқалап жағып, түнімен қалдырады. Бұл ем бас терісінің қан айналымын жақсартады. Сол арқылы шаш тамырын көбейтіп, шаштың өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұрыштың үстіне түйеошаған майын құйса да жақсы нәтиже береді. Майлар бас терісін жұмсарта түседі. Шаш түскенде қолданылатын тағы бір тұнба: түйежапырақ, қалақай жапырақтары, жұмыртқа сарысы мен балды, алоэ шырынын қосып жасайды.
Майлы және кебір шаштарға қарсы ем
Майлы шашты халық емшілері емен тамырынан жасалған тұнбамен жууға кеңес етеді. Бір литр суға үш ас қасық емен тамырын салып, 15 минут қайнату шарт.
Кейбір шаш үшін түрлі майларды қолдануға кеңес беріледі. Мұндай маскалар аптасына бір рет жасалады. Мысалы, зәйтүн майын, кастор майын, түйеошаған майын жағу. Шашқа осы майлардың кез келгенін жағып, 2-4 сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін әдеттегідей жуып тастаңыз.
Егер шашыңызда қандай да бір өзгеріс орын ала бастаса, онда бұл ағзадағы өзгерістердің салдары деп түсініңіз. Міндетті түрде денсаулығыңызды күте бастаңыз.
Х Х Х
Редакциядан:Қыз-келіншектер еріндерін әдемілеуде, шашын күтіп ұстауда қаладағы косметологиялық орталық, сұлулық салоны мамандарымен, осы саладағы дәрігерлермен де кеңесіп, тәжірибеде сыналған нағыз тиімді тәсілдерді пайдаланса, нұр үстіне нұр жауар еді. Өйткені, әр адамның денсаулығына, рухани жан-дүниесіне, саламатты өмір салтына сәйкес ағза терілері, оның жасушалары, шаш, тырнақ, кірпік, тістерінің сипаты әрқилы. Көрікті қыз-келіншек болу үшін күтінгенде соның бәрін ескерген жөн.

http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=292147
кім толық оқып шықты))))
Бiлмеим ))
Белгісіз
Өзіңіз де оқымаған шығарсыз))ал мүмкін арасында жаман нәрсе жазылып кеткен шығар
Соның үшін сілтеме тастадым.
Белгісіз
0 дауыс

Табиға болған жақсы ғой. 

...