Варикоздан қалай емделуге болады? мына ем дом көмектеседі ма?
Варикозды емдеу туралы..
1.Дәрігерге қаралып, ұсынған дәрі-дәрмек қабылдау.
2.Арнайы варикозға қарсы аяққа байлайтын эластикалық бинт орау.
3.Варикозға қарсы арнайы жаттығуларды жасау. (суретте көрсетілген)
4.Варикозды кетіру үшін көмектесетін үй жағдайындағы рецептті ұсынамыз.
Варикозды емдеу. Венаның түйнеліп кеңеюі жағдайында пияз қабығының тұнбасын 10 күндей қабылдау керек. Ол үшін 2 ас қасық ұсақталған пияз қабығына 100 мл арақ құямыз. Бұл тұнба бір аптадай тұруы керек. Содан соң сүзгілеп, тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 2-3 рет 20 тамшыдан қабылдап тұру керек.
Немесе 2 ас қасық ұсақталған пияз қабығына 400 мл қайнаған су құйып, 6 сағатқа қалдыру керек. Сүзгіден өткізіп, тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 мезгіл ¼ стақаннан ішіп тұрыңыз. Бұны үзбей 7-10 күнде жасау керек. Қайталағыңыз келсе, бір апта күтіңіз.