0 дауыс
447 көрілді
Өңірде өзекті көтеріліп жүрген мәселенің бірі сырттан келетін өнімдер. Бұл жайында бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті, өзіміздің ұлан асыр жеріміз бен суымыз бар болсада, өңірге көршілес елдерден көкөніс өнімдері көптеп ағылатынына қатысты тағылатын сын да көп. Осы шекара асқан өнімдерге қалай тосқауыл қоюға болады?

3 жауап

0 дауыс
Қазір отандық өнімдерді қолдану басты міндеттің бірі болып тұр. Қазақстанда жасалған тауарларды тұтынуға халықтың үгіттеу қажет. Алайда, облыста жылыжайлардың аздығына байланысты қыс мезгілінде облыс жұртшылығын тауармен қамти алмай отырмыз. Қазір бізде бар жылыжайлардың саны межелі көрсеткіштің 40 пайызын ғана құрайды. Ал, негізі бұл деңгей 70 пайызға жетуі керек. Біз бұл межеге 2018 жылы жетеміз деген жоспар бар. Десе де, бұл бағыттағы жұмыстар жылда қарқын алмаса, кенжелеп тұрған жоқ. Мәселен өткен жылы «Жылыжайларды дамыту кешені бағдарламасы бойынша» Корей технологиясы негізінде «Талап» шаруа қожалығының жылыжайы іске қосылды. Аталмыш жоба 255,0 млн. теңгені құрап, 2,5 гектар жерді алып жатыр. Одан бөлек, биыл тағы екі жылыжайдың құрылысы қолға алынбақшы. Сондай-ақ, әр ауданда үлкен болмаса да бір-бір шағын жылыжай салу жоспары бар. Міне, осы жұмыстар реттелгеннен кейін, отандық өнімді маусымдық кезеңге қарамай толықтай сауда айналымына шығара аламыз.
0 дауыс
Заң шығару керек,тек қана Отандық өнімдерді қолдану керек! Жапондықтар ешқашан шетелден ұялы телефондар алмайды,оны өздері жасап шығарады
0 дауыс
Шекара салығын көбейту керек шығар.
...