0 дауыс
358 көрілді
Мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынымын. Былтыр жаңалықтарда Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медицина университетінде оқып жатқан Жамбыл облысының студенттерінің грант мәселесі шешілді ме? Мен Қазақстан Респуликасының азаматы ретінде жастардың болашағы алаңдатады. Шенеуніктердің жастардың болашағына балта шабуын дұрыс деп есептемеймін. Онсызда мемлекеттің қыруар қаржысы талан-тараж болып оңды солды шашылып жатыр. Оны қазір күнделікті жаңалықтардан көріп жатырмыз. Жемқорлықпен ұсталып, қалталарына мемлекеттің қаншама қаржысын жымқырып жатқандарын. Осындайда болашақ жастарға қолдау көрсету керек қой...

1 жауап

0 дауыс
Қазіргі таңда, Сіз көтеріп отырған мәселе сот органдарымен қаралуда. Дегенмен, жастардың ынта талаптарын ескере отырып, біздің тарапымыздан да заңға кайшы келмейтін келесі әрекеттер жасалуда. Материалдық жағдайы аз қамтылған отбасылардың студенттері биылғы оқу жылын аяқтауға көмек көрсетіліп отыр. Бұл жұиыстар, бюджеттік қаржы есебінен емес, демеушілер арқылы шешімін табуда. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылары санатындағы білім алушыларға Университет тарапынан төлем ақыға жеңілдіктер жасау жөнінде келісім сөздер жүргізілуде. Оның ішінде, жылдық төлем ақыны бөліп төлеу, басқа жоғары немесе орта-кәсіптік оқу орындарына ауысуға ықпал ету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы арқылы білім алушыларды несиелеу арқылы оқыту.
...