0 дауыс
518 көрілді
Жамбыл облыс әкімі, банктен кредит алып жұмысымды алға тартайын деп едім. Алайда, кепілдік мәселесі қиындық туындатып отыр. Осыған байланысты кредит алғанда үкімет тарапынан кәсіпкерлерге немесе қарапайым тұтынушыларға қандай көмек болады екен?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурызда №168 қаулысымен "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілген. Бағдарламада банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы қамтылған. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Ал экономиканың басым секторларында іске асыралатын жобаларға кредит соммасы 360,0 млн. тг. аспайды. - кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды; - ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша, сондай-ақ қаражатының 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Банктердің сыйақы мөлшерлемесі 14 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.
...