0 дауыс
415 көрілді
Шу ауданы Бірлік ауылының тұрғынымын. Ауылда М.Х.Дулати атындағы орта мектеп апатты жағдайда. Жаңа мектептің құрылысы 2014 жылы басталған. Мектептің құрылысы қыркүйек айына дейін біте ма? Балаларымыз жаңа оқу жылында жаңа мектепте оқи ала ма?

1 жауап

0 дауыс
Біздің басты мақсатымыз, балалардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасау. Жалпы облыс бойынша апатты жағдайдағы мектептер саны – 19 құраған. Салынып жатқан мектептер есебінен 2015 жылы 9 мектептің мәселесі шешіліп, апатты мектептер саны 10-ға (2,2%) қысқарады. Қалған мектептердің мәселесі 2016-2018 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Шу ауданы Бірлік ауылында 600 орындық мектептің құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталатын болады. Бұл мәселе менің жеке бақылауыма алынған. Сондықтан, балаларыңыз жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайтын болады деп сенемін.
...