Сіз көтеріп отырған мәселе өте орынды. Жалпы соңғы жылдары Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына үлкен көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде, соңғы 4 жылда жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Тараз тарихына тың дүниелер қосылуда. Тастан қаланған, кірпіштен тұрғызылған көне құрылыс орындары ашылды. Қыштан құйылған су құбырлары, су сақтау орны (сардоба) мен 2 моншаның орны аршылып сонау дәуірлерде бабаларымыздың рухани-мәдени дамуының жоғары екендігіне көз жеткіздік.