+5 дауыс
3.8k көрілді
Сұрақ сіздерге орынсыз болуы мүмкін, бірақ мен үшін қызық болып тұрғаны. Неге біз естімейтін дыбысты, иттер естиді. Арнайы ысқырғышпен ысқырса иттер жүгіріп келгенін өз көзіммен корген едім.

3 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам құлағы ортада таралатын жиілігі шамамен 16-20 кГц серпінді толқындарды қабылдайды. Одан жоғары жиіліктегі (құлақ ести алмайтын) тербелістер ультрадыбыс болып табылады. Одан да жоғары жиіліктегі дыбыстық тербелістер гипердыбыстар деп аталады. Сұйықтықтар мен қатты денелерде дыбыстық тербелістер 1000 ГГц-ке дейін жетуі мүмкін.

Иттерде есту қабілеті жақсы дамыған және олар тіпті адам ести алмайтын жоғары жиіліктегі тербелістер – ультрадыбысты да ести алады. Соғыс және полиция операциялары кезінде адамдар қашықтан иттеріне қарсыластар ести алмайтын бұйрықтар беру үшін ультрадыбыстың көмегіне жиі жүгінген екен. Оның үстіне, адам 4 м жерден әрең еститін дыбысты ит 24 м жерден ажыратып, дыбыс қайдан шыққанын анықтай алады-мыс.

Сондай-ақ, иттердің бір-бірінен айырмасы өте аз дыбыстарды да ажырату қабілеті бар. Мысалы, олар өзінің қожайынының мәшинесінің істеп тұрған моторын моделі дәл осындай басқа мәшинелердің моторларының дыбысынан ажырата алады дейді.

Иттерді шақыратын арнайы ысқырық Гальтон ысқырығы немесе ультрадыбыстық ысқырық деп аталады екен. Оны 1883 жылы Гальтон деген бір ағылшын жасаған.
Тамаша жауап! Рахмет сізге.
+6 дауыс
Иә, шынында да сұрағыңыз біртүрлі екен. Түсініксіздеу. Ысқырғышпен ысқырса бәріміз де естиміз ғой. Айып етпеңіз.
Жоқ. Арнайы ысқырғыш бар. Дыбыс шығармаған мен оны иттер алыстан болса да жақсы естиді. Сол дыбыстың жиілігі, ысқырғыштың аты мен кім ойлап тапқандығы туралы ақпарат керек болып тұрғаны.
+4 дауыс
Итінді айқайлап шақрсанда жүгіріп келеді ғой
Ал бірақ осындай адам естімейтін ысқырықтар адамның даусынан да ұзақ қашықтыққа жетеді. Яғни сенің айқайың жетпейтін жерге әлгі ысқырықтың даусы жетеді.

Ұқсас сұрақтар

...