немесе мынау шығар
бір дос бар берсең жақсы алатұғын ,
білдіртпей аяғыңнан шалатұғын .
бір дос бар адал ниет , ақ жүректі ,
айырлмай ақыретке баратұғын .
бір дос бар тіліменен алдайтұғын ,
түбінде сені құртып жалмайтұғын .
бір дос бар берекенің ұясындай ,
араңды мәңгі үзбей жалғайтұғын .
бір дос бар бір болам деп сөз байлаған ,
кей кезде оны ұмытып көз байлаған .
бір дос бар азаматтық ары мықты ,
серттескен уағдалы сөз байлаған .
бір дос бар бас кетседе айрлмайтын ,
секілді өткір қылыш майырлмайтын .
басыңа іс түскенде ортақ болып ,
басқыға алтын берсе қайрылмайтын .
бір дос бар сиқырсыған бетке майда ,
басқаға салдыратын сырттан найза .
серттескен бармақтарын қанға малып ,
нағыз дос таба алмадым қазір қайда ???
Холодное_сердце
пікір