0 дауыс
687 көрілді
Жалпы мамандық, оқу орын және қай облыс таңдауды кеңес берер едіңіз?

2 жауап

0 дауыс

Мұрат Әбенов: Таңдау жасап тәуекелге баратын өздеріңіз. Өйткені нақты кім грант иегер болатынын тек мемлекеттік конкурс шешеді. Дегенмен өз жеке тәжіриебемнен қалыптасқан ойымды айтайын. Ең үлкен қате түсінік - мамандықты бұрынғы қалыптасқан көзқараспен таңдау. Кәзіргі кезде әлемде 1000 астам мамандық бар. Біздің жастар және ата-аналары тек 100 жуығын біледі екен. Сол арқылы өз таңдауын шектейді. Сол мамандыңы тізімнен табылмаса , немесе грант аз бөлініп конкурстан өте алмай қалса ақылы оқуға шешім қабылдайды. Бұндай жағдайларда кейбір мамандықтын бірнеше ұқсас түрлері балу мүмкін екенін білгендері жөн. Сол себептен ең аты танымалыларына конкурс жоғары болады, танымалды емес терге керісінше аз. Мысалы компьютерді жақсы білетіндер «Информатиканы» көп таңдайды. Өткен жылы осы мамандық бойынша ең төменгісі 72 балмен грант иегері болды. Ал сол мамандыққа ұқсас бірақ атауы аз танылған «Есептеу техника және бағдарламамен қамтамассыз ету" мамандығы боынша конкурс өте төмен болды – оған конкурсқа қатысқан талапкерлер 53 балмен ғана грант иегері атаңды. Бұл мысал жалпы конкурсқа тиісті екін ескертемін, біздің «Серпін» бойынша өткен жылы ондай төмен баллмен грант алу болған жоқ. Мамандықты дұрыс таңдамау кейбір жағдайларда ата-аналардың кателігі болып табылады. Себебі олар балаларына өз калыптасқан көзқарасы арқылы үстемдік жасап, қате шешімдерге итермелейді. Ең бастысы таңдау кезінде әр мамандық бойынша «Серпін» және жалпы конкурста бөлінген гранттар саны, өткен жылғы сол мамандық бойынша конкурс нәтижесі, әр оқу орыны боынша ең төменгі өту шегі қандай болғаның ескерген дұрыс. Мысалы орталықтарға жақын, ірі қалаларда орналасқан оқу орындарында конкурс жоғары болып келеді. Сонымен қатар жалпы конкурста ауыл квотасы қаралғанын ұмытпаңыздар.

0 дауыс
Алматы, Шымкент жақсы оқытушылары Астанаға көшіп кетіпті дегендерді де естіп жатырмын. Сондықтан Астана жақсы.  Және таза білім.
...