Бұрын 90-95-шы жылдары көшкен орыстар қыдырып келген еді, олар біздің жаққа қатты таң қалып қызығып жатыр. Олар айтады: Россияға бір ауданға барып едік бәрі ішіп кеткен жұмыс істемейді дейді, сол барғанда қандай еді әлі сондай, ал сендерде бәрі қатты өзгеріп адамдардың тұрмысы жақсарып кеткен дейді. Қазақтардың коттедж үйлерін, жеке дүкендерді, базарларды көріп ауыздары ашылып жүрді.Қайтадан көшіп келгілері келетінін де жасырмады.