0 дауыс
826 көрілді
Ассаляму Алейкум уа РахматулЛаhи уа баракятуh!

Кеше кешкiсiн 2-3 жылдан берi көрмеген танысымды көрiп қалдым, отырып әңгiмелестiк. Реңi шаршаулы, әбiржiгенi байқалады. Ол маған iстемеген жұмысым қалмады, офицантта, грузчикте, стройщикте, мойщикте болдым, бiрақ қашанға шейiн осылай жүре бермекшiмiн? Қәзiр қартая қойған жоқпын, бойдақпын бастықтардың бiлiне бермес айқайлары. Өскенде балаң қатарлы адам айқайласа қиын сияқты. Қашанға дейiн бiреудiң қолында жұмыс жасап жүрмекшiмiн. Жұмыс бастайын десең ақша жиналмайды, үйден артылмайды. Қалай бұл тығырлықтан шыға аламын? Қалай үйленемiн бұл жүрiсте миыма сiңдiре аймаймын? Қысқасы где же выход дедi. Әншейiнде ауыз жаппас, Тойда сөз таппас болдым да қалдым. Сiздер не айта алатын едiңiздер мұндай жағдайға тап болсаңыздар?

3 жауап

0 дауыс
Кешіріп қойыңыз, үйленбеген бойдақ жігіттердің бәрінің әңгімесі тура осындай, көріп жүрміз ғой.Кейбір бойдақтар 45 ке келіп қалған, әңгімелері зор,қырып жұмыс істеп жүрген сияқты,бірақ түгі жоқ, не бала-шаға жоқ, не үйі жоқ.не әйел жоқ, тапқандарын көшеде шашып. Ал, көз жұмып үйленіп кеткен жігіттер қазір өз алдына үй болған, жағдайлары жақсы, балалары өсіп жатыр, жеке кәсіптері бар.

Жанұя деген кішігірім мемлекет сияқты ғой, сіз әлі өз мемлекетіңізді құрмапсыз, герібіңіз, жалауыңыз жоқ,сондықтан сізді ешкім танымайды, мойындамайды да, тойға да шақырмайды, арласпайды сізбен санаспайды да.   Айтарым ертең үйленсеңіз, мемлектіңіз құрылады, бәрі сізбен санасатын болады, тек алға ұмтылыңыз !!! "Бас екеу болмай мал екеу болмайды"   Жасыңыз нешеде? қазір.
0 дауыс
Егер Шымкентте тұратын болса маған жіберіңіз. Жұмыс  тауып беремін
Әңгiме жұмыста емес, жұмысы бар. Тек тезiрек көтерiлгiсi келетiн сыңайлы. Тренингке қатыстыру керек сияқты, және жол көрсету.
Ааа)) жақсы жұмыс іздеп жүр ма деп ойласам))
Жазира, негізі есімің Жазира емес қой солай ма?) Сені танып тұрмын))
0 дауыс
олай мүмкін емес бір өзі және ақша пайдалана білмейтін шығар! біршама уақыт түрлі жұмыстар жасапты сондай тәжірибемен әлі де Жоспар құрып тындыруға болады бәрін!
...