Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды алуға болатыны рас па?

0 дауыс
344 қаралым
Жарамсыз газ тапаншасын қайта тіркегім келген, бірақ құқыққорғау органдарында маған оны кәдеге жаратуға тапсыруды ұсынды. Тапаншаны тапсырдым, ал қолыма ешқандай құжаттар алған жоқпын. Сол жерде ұсталған тапаншаны алуды ұсынды. Қаруды кәдеге жаратуды тапсыру процедурасы қандай? Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды алуға болатыны рас па? Ол қалай ресімделеді?
Заң

1 жауап

0 дауыс
Қару қожайындары әрбір бес жыл сайын қайта тіркеуден өтеді. Егер қару қожайыны өзінде бар қаруды жарамсыздығына байланысты кәдеге жаратуға тапсырғысы келсе, ол тиісті өтініш жазады. Біз өз кезегімізде тапсырылатын қару туралы ақпаратты арнайы журналға енгіземіз, ал азаматқа қарудың қабылданғаны туралы түбіртек береміз. Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды сатып алуға келер болсақ: дұрысында, оқырман әлденені дұрыс түсінбеген болар, біз қару өткізумен айналыспаймыз.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы