0 дауыс
304 көрілді
Мен демікпемен ауырамын, диспансерлік есепте тұрмын, «Серетид» препаратын тегін алуға тиіспін. Бірақ бізде Құлсарыда жыл басынан бері бұл дәріні тегін бермейтін болған. Мен үнемі өз дәрігеріме телефон соғып тұрамын. Бірақ тендерге бүкіл құжаттардың дер кезінде жіберілгенін, ал тендер қорытындысы әлі жоқ екенін ғана білдім. Маған бұл дәрі өмірім үшін қажет, қазір мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құралды қолдануға мәжбүрмін. Айтпақшы, ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір жәйт: неліктен облыс жарамдылық мерзімі бітейін деп тұрған дәрі-дәрмектерді сатып алады?

2 жауап

0 дауыс
Ақша істеп қалу үшін сатады да!!! Оларға адам өмірі ойыншық сияқты болып кеткен, тек аңдығандары ақша.
0 дауыс
Оқырманның сұрағына Құлсары емханасымен телефон арқылы сөйлескен соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек бөлімінің басшысы Алмагүл ДӘУЛЕТОВА жауап берді. Аудандық емхана мамандарының растауынша, «Серетид» препараты бар екен, алайда олар оны Қ.Елеуовқа бермеген. Өйткені, оның өзі оған бұл препаратты қолда бар, бірақ басқа нозологиядағы пациенттерге тағайындалатын «Симбикортқа» ауыстыруды өтінген.

- Жыл басында біз шамамен бір жарым айға жететіндей «Серетидтің» шағын партиясын алуға келісімшартты ұзарттық. Бұл әдеттегі тәжірибе, біз белгілі бір сырқаттары, соның ішінде демікпесі мен сусамыры бар пациенттерді өмірге қажетті дәрмектерсіз қалдырмас үшін әрдайым шара алып отырамыз, - дейді А.Дәулетова. – Наурыз айында тендер өтті, сәуірден бастап біз дәрі-дәрмектерді босата бастадық. Осы жағдайға келер болсақ, біз осы мәселені айқындап, пациентке «Симбикорт» тағайындауға болады деп ұйғардық. Өйткені, бұл екеуінің нозологиясы жақын. Дәрмектердің жарамдылық мерзімі мәселесіне келер болсақ: ережеге сәйкес, сатып алған кезде жарамдылық мерзімі 70 пайыздан (екі жыл жарамдылық мерзіміндегі препарат - бұл шамамен бір жарым жыл) кем уақытты құрамауы тиіс. Ал егер біз дәрі-дәрмекті тікелей дайындаушы зауыттан тапсырысқа алатынымызды ескерер болсақ, онда жарамдылық мерзімінің тез бітуі мүмкін емес.

Оның өзі «Симбикорт» алғысы келді деген пікір оқырманымызды қайран қалдырды.

- Мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрмекті 5 ай бойына қолданғанша, қолда бар препаратты алар едім. 2010 жылы есепке тұра бастаған кезде маған «Симбикорт» тағайындады. Келесі жылы ол ұзақ уақыт қолда болмады да мені «Серетидке» ауыстырды. Оны соңғы 3 жылда пайдаландым, - дейді Қалимарден аға.

Қалай болғанда да, өз дәрмек-терін – мерзімі 2016 жылдың желтоқсанына дейін жарамды «Симбикорттың» 3 данасы мен «Серетидтің» 2 данасын пациент газетке жүгінгеннен кейін ғана алды.

Мұндай жағдайлар сирек емес.

«Ұлт саулығы» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын сараптама тобының «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында таяуда өткен жиналысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дина КАМЕЛОВА пациенттерді дәрі-дәрмектермен тегін қамтуға 2015 жылы 1 млрд 455 млн теңгеден астам қаржы бөлінге-нін атап өтті. Бұл сомаға онкологияға шалдыққандарға, стационарлық науқастарға, емхана пациенттеріне арналған дәрмектер кіреді. Олар тегін дәрі-дәрмектер, сондай-ақ, балалар тағамына арналған құрғақ қоспалар алады. Пациенттердің жекелеген санаттарын дәрі-дәрмек препараттарының тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамту үшін бөлінетін қаржы мөлшері былтырғыға қарағанда биыл 33,6 пайызға көп. Медициналық препараттарды сатып алу үшін емханаларға жіберілетін қаржы да көбейді. 2014 жылы бұл сома 812 млн 584 мың теңгеге, 2015 жылы 874 млн 274 мың теңгеге тең болды.

Бірақ пациенттер бәрібір дәрі-дәрмектердің тапшылығын бастан өткеруді жалғастыруда. Мамандар жыл ішінде өтінімдер жасалғаннан кейін қымбат тұратын препараттарға мұқтаж: ағзаларын ауыстырғаннан кейін, сирек және ауыр сырқат түрлері қайта анықталған жаңа науқастардың тіркелетіндігін алға тартып отыр. Мәселен, облысымызда «өкпе гипертензиясы» деп аталатын өте сирек кездесетін сырқаты бар бір пациентті емдеу үшін жылына 50 миллион теңгедей қажет. Бұл бүкіл емханаға тегін дәрі-дәрмекке бөлінетін сомаға тең. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұрауға мәжбүр. Биыл оларға қосымша 44 млн теңге қажет.

Ұқсас сұрақтар

...