0 дауыс
395 көрілді
Біз – зейнеткерміз. Бірнеше жыл бұрын бізді мүлік салығын төлеуден босатқан еді. Бірақ биыл бізге қайтадан салық төлеу қажет екендігі туралы хабарлама әкелді. Заңда не өзгерді?

2 жауап

0 дауыс
Бұған таң қалмайтын болдық қой, етіміз үйреніп кеткен солай.
0 дауыс
Салық кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Ал осы баптың екінші тармағында мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайтын жеке тұлғалар белгіленген. Оған мыналар жатады:

1. Мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;

2. Меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер. Қазіргі уақытта 1 АЕК – 1 982 теңгеге тең.

3. Меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;

4. Меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар.

5. Он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

6. Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.

Осылайша, барлық зейнеткерлерді салық төлеуден босататын арнайы тармақ жоқ. Бәлкім, бұрынырақ сіздің мүлігіңіз 1000 еселенген АЕК шегінде бағаланып, бұл сізге салық төлемеуге құқық берген шығар. Ал енді оның құны өсті, соған байланысты сіз салық төлеу қажеттілігі туралы хабарлама алғансыз.
...