0 дауыс
665 көрілді
Ағылшын тілін үйрене алмайақ қойдым қалай үйренем айтыңдаршы

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына мақалада ағылшын тілін үйрену үшін қажетті сілтемелер бар:

Зерікпей ағылшын тілін қалай үйренуге болады

Назарларыңызға оқу барысын қызықты өткізуге болатын 14 ресурсты ұсынамыз. Ойындар, аудиожазбалар, кроссвордтар, қызықты топтамалар – өз қалауыңыз бойынша таңдаңыз:

BBC Learning English

Британдық ағылшынды оқып үйренуге арналған сайт. Оқу бағыттары өте көп, мәтін және сөздікті видеолар, транскрипты аудиожазбалар. Сөздердің айтылуына жеке бөлім арналған. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 6 минуттық қысқа бейне роликті - 6 Minute English курсы бар.  Әр роликтің астында мәтіндік нұсқасы да көрсетілген.

LinguaLeo

Үлкендермен қоса балаларға да қызықты болатын ресурс. LinguaLeo қолданушылары бейне,аудио және мәтіндік материалдар жинақтарына, интерактивті тақырыптық курстарға, әр сөз дыбысталатын жеке сөздікке, дайындық жинақтарына (тыңдалым, кроссворд, сөздерді аудару), даму журналына (тілді үйренгендегі нақты және мүмкін болатын даму көрсетілген) қатынап кіре алады.

осы сайттар сияқты ағылшын тілін үйрену үшін қажетті сайттарға сылтемелер бар, кіріп көріңіз өзіңізге керегін табарсыз:

http://bilim-all.kz/article/2037-Zerikpei-agylshyn-tilin-qalai-uirenuge-bolady

+1 дауыс
Ағылшын тілін шын жүрегіңмен қабылдап шын берілсең үйренесің, оған да махаббат керек, жақсы көріп үйрену керек, ол орыс тілінен оңай негізі.Американы көруге ынтық болу керек. Ал былайша үйрену қиын,есіңде сақталмауы мүмкін. Мысалы: Орыс тілін үйрену үшін, орысты жақсы көрмесең оны да есіңде сақтай алмайсың,қиын болады. Жақсы көру керек алдымен.
рахмет солай істеп көрейін
+1 дауыс
Ол тілмен бізді таныстырған көбінесе әндері ғо. Жақсы көретін әнің болса, интернетте аудармасы болады.(Өзің аударма! Мағынасын ауыстырып жіберуің мүмкінсің) Соны жаттап алу керек. Жақсы көргендіктен оны тыңдай бересің. Аудармасы есіңде қалады.
0 дауыс
английский киноларды көп қара аудармасы болмасын себебі өзің қарап отырып аударып аласың. Тек ағылшынша субтитрымен қара. Егер басында түсінбесең  қайта қайта қарай бер пока түсніп кеткенше.
...