0 дауыс
1.0k көрілді
Куратор өз сабағын жуып беру үшін менен ақша талап етті, мен оның сөздерінің  барін диктафонға жазып алдым. Келесі емтиханға да ақша сұрап тұр. Өз басым ақша беру дегенге қарсымын, енді не істесем болады акыл қосыныздаршы?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жазып алған диктофоныңмен Қаржы полициясына барасың, сонда саған қалай істеу керегін түсіндірулері тиіс. Сол жерде ғана шешеді, диктофондағы жазу туралы. Негізі, пара алу да, пара беру де қылмыс болып табылады. "ҚР қылмыстық істер кодекісіндегі" баптар туралы келтіре кетейін, артық болмас.

 311-бап. Пара алу

      1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзi немесе басқа адамдар үшiн пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, -
      жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
      а) қорқытып алу жолымен;
      б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
      в) iрi мөлшерде;
      г) әлденеше рет жасалса -
      мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
      мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.
      2. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
      3. Екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны аса iрi мөлшердегi пара болып танылады.
     
      312-бап. Пара беру
 
      1. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға тiкелей немесе делдал арқылы пара беру, -
      жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрiнеу заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны үшiн пара беру, -
      бiр мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамға пара беру, -
      мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
      а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
      б) iрi мөлшерде;
      в) әлденеше рет жасаса, -
      мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi немесе төртiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
      мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
     
+1 дауыс
Сен былай жаса Қаржы полициясына барсаң саған арнайы диктафон береді сонымен басып ал сосын ары қарай қаржы полициясы айналысады қолыңдағы диктафонға ешкім сенбейді сен ҚП алған диктафоға қол қойып куәлардың қасында аласың
1 қазіргі кезде диктофонды  признавать етпейді өйткені сенің диктофонға жазып алған даусыңды еш кедергісіз барлық студиоларда жасап алуға болады. ал сен өзің диктофонға жазып Қаржы полициясына барсаң қабылдамайды өйткені ол диктафон  спец техника болып табылады және басқа біреудің өміре қол сұғушылық болады! Егерде кураторың ақылды болса тергеу кезінде дыбысы бар бейне жазуды көрсетсең ғана мойындаймын деп айтады. Ешқашан өзің бейне камерамен немесе диктофонмен жазып алып барма Қаржы полициясына тек қана өздерінің арнайы спец техникаымен бар!
Қуасынба менің жазғаныма пікір қалдырғаның не?
...