+3 дауыс
4.9k көрілді

Жанұя, ана мен бала, әке шеше, Бақытты жанұя

"Сенің қолыңнан бәрі келеді!" "Сен қабілеттісің!"- деп ата аналарыңыз сіздерге айтады ма? Баланың жетістікке жетуіне осындай мотивация беретін сөздердің қоғамдағы орны қандай? Балаға осылай дем беретін сөздерді жиі айту керек па?

Ана мен бала Жанұя, ана мен бала, әке шеше, Бақытты жанұя

12 жауап

+3 дауыс

"Жұрттың балаларына қараш".Әрине бұл сөздер жаңа жетіліп келе жатқан баланың дамуына орасан зор әсерін тигізеді.Керісінше балаға демеу беру үшін оны қолдап отыру керек оның әр жетістігіне қуанып,көтермелеп отырсаң бала өзінің қоғамға пайдасы тиетіні туралы,оның қолынан мұндай нәрсе келетіні туралы ,болашақта одан да үлкен жетістіктерге жетуге деген сенімі болады!Ата-ана ол өмірдегі ен жақын адамдар олар қолдамаса басқа бөтен адамның қолдағаны түкке тұрмайды."Мен саған сенемін" деп айтып отырсаңыз балаңыздың да жаман іске бармай тек жақсы жолда жүретініңе кепілдік беруге болады.Өйткені жаман іс жасамас бұрын баланың ойына анасының немесе әкесінің "балам мен саған сенемін"деген сөзі келетін болса,ол бала дереу ол жаман іске бармайды.Балаға дұрыс тәрбие бермес бұрын,алдымен ата-ана өзің жөнге салғаны дұрыс.Сондықтан үйленер алдында,бала сүймес бұрын екі ата-ананың жолында үлкен жауапкершілік күтіп тұрғаның ескеру қажет!

+3 дауыс

Әрине айтады... жұрттың баласынан кем емессің деген тағы бір сөз бар))))

Балаға әркез айтып отыру керек бұндай мотивациялық сөздерді..

+1 дауыс

иә айтады, олардың сенің қолыңнан келеді дегенінің өзі үлкен мотивация, көп жетісікке жетуім ата-анамның арқасы. Сен ақылдысың, сен бәріне үлгеріп жүресің, қашан байқаймын қатарыңның алдысың бірақ соған мақтанып артық кетпейсің дейді сол сөздері қатты әсер етеді. 


а иә тағы бір айта кетеінім ата-анам мені ешқашан жұрттың баласымен салыстырған емес, қараш анау үйтті мынау бүйтті сенің де қолыңнан келеді ғой жұрттың балаларын қараш деген емес ешқашан
+3 дауыс
Олай айтпаған. Содан ба Мотоциклдi өзiм жөндей алмай басқаға жөндеттiм ақыры )
+2 дауыс
Әрине айтады,сенім артады,бала ата-ананың болашағы емес па?
+1 дауыс
Айтады үйде, бұлай айтқаны маған дух  береді
+1 дауыс
Нақ солай айтады деуге келіңкіремеді. Олар мен бастаған ісіме бұлай жасама демейді, оның өзі маған сенгендігі шығар әлде бұл қырсықты бәрібір алған бетінен қайтара алмаспыз дегені ма екен ?!
+2 дауыс
Үйімдегілер аса бір маңызды сәттерде,яғни жарыстар,емтихан,сайыстар болған кезде,тура "Сен қолыңнан келеді","сен қабілеттісің" деп айтпайды. Сонда да олардың қолдауын әрдайым сезініп отырамын. Апам : "өзіңнің талабың біледі" деп отырады, ал әкем "не болды,дайындалып жатсың ба,қашан болады", деп сұрап отырады, ал анамның қолдауы мен үшін өте маңызды,"оой ертең не істеймін,шатасып қалатын шығармын" дегенде, "ешкімнен қорықпа,жақсы нәрсе ойла,ертерек жат" деп ақылын айтады. Бала "маған ата-анам қолдау көрсетпейді" деп отыра беруі керек емес, егер тұлға ретінде жақсы тәрбиеленген болса, ол өзі-ақ "мен  ата-анамның атына кір келтірмеуім керек,қолымнан бәрі келеді" деп ойласа жөн болар еді. Әрине,балаға мүлдем қолдау көрсетпеу дұрыс емес, бірақ көп мақтасаң да болмайды...
+2 дауыс
ай ешак,парасатсыз деп айткан бир кездери,
+1 дауыс
Маған олай айтпапты.
0 дауыс
Наполеон ды анасы " Тұр сені ұлы iстер күтеді "деп таңда ұйқыдан тұрғызыатын болған !!!
0 дауыс
Ех, солай айтқанын есту арманым ғой..)

Менің ата-анам тек "жұрттың балаларын" айтады және менен қазірше ғана "озып" келе жатқан таныс қатарластарыммен салыстырады.. Әрине, ол маған ұнамайды, жігерлендірудің орнына еңсемді түсіреді.. Бірақ, әке-шешем оны түсінбей, ұнамсыз сөздерін жалғастыра береді..
...