Жоқ көбісінің қолынан көп ештеме келмейді, жәй жұмыс табу үшін барлық жұмысты да білем деп айта береді (сосын оларға жұмыс жасатқанда қадағалап жүрмесеңіз болмайды)
Елдегі экономикалық жағдайлары, оларға бәрін де жасауға, универсал болуға мәжбүрледі. Солай жүрмесе, күн көрулері қиын. Ұлт деп бөлудің қажеті жоқ, социологиялық деңгейге байланысты, материалдық мұқтаж деңгейі жоғары елдердің бірі - Өзбекстан. Салдарынан олар жан-жақтағы елдерге барып арзан қара күш жұмыскерлері болып жүрген жағдайлары ақиқат.