0 дауыс
1.4k көрілді

Кешенді тестке құжаттарды қай уақыттан бастап қабылдап, қай уақытта аяқтайды? Қандай құжаттар керек?

2 жауап

+1 дауыс

Кешенді тестілеу

Кешенді тестілеу оқудың күндізгі оқу түрі бойынша:

  • өткен жылдар бітірушілерге;
  • кәсіби оқу орындарының бастауыш және орта білім беру бітірушілерге (техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі);
  • ҰБТ қатыспаған, шет елде оқушыларды алмастыру желісі бойынша оқыған, жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;
  • өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытудың жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;
  • республикалық музыка мектеп-интернаттарын бітірушілерге;
  • сол сияқты шет елдерде оқу мекемесін бітірушілерге жүргізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 9 шілдеге дейін.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттар тізімінұсынады.

Кешенді тестілеу 17 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін жүргізіледі.

Кешенді тестілеу азаматтың тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде 4 пән бойынша орта білім беру оқу бағдарламасы көлемінде жүргізіледі: міндетті - математика, ана тіл (оқыту тілі), Қазақстан тарихы. Төртінші пән таңдау бойынша(география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ, орыс әдебиеті).

Әр пән бойынша тестік тапсырмалар саны - 25.

Барлық тестік тапсырмалар - 100.

Тестілеу уақыты - 2 сағат 30 минут.

Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке бас куәлігі  (паспорт) және емтиханға кіру рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.

ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтан

 

Талапкердің дәрісханада тәртіп сақтау ережесі

  • Талапкер отыру парағындағы нөмірге қатаң түрде сәйкес келетін орынға ие болу керек. Талапкер отыру парағына қол қою арқылы тиісті орынға отырғанын растайды.

  •  Тестілеу үзіліссіз 2 сағат 30 минут (150 минут) бойы өткізіледі. Алғашқы және соңғы сағаттарда дәрісханадан шығуға тыйым салынады, қалған уақытта ғана кезекшімен бірге дәрісханадан шығуға болады.

 

Қатаң түрде тыйым салынады:

  • бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға;

  • емтихандық материалды рұқсатсыз ашуға;

  • емтихандық материалды басқа талапкермен ауыстыруға;

  • бірі-бірімен сөйлесуге, басқа талапкерден көшіруге;

  • анықтамалық әдебиетті қолодануға (Менделеев таблицасы мен тұздардың ерігіштігі таблицасынан басқа);

  • жазба кітапшасын, калькуляторды, ұялы телефонды қолдануға.

Талапкерден шпаргалка, ұялы телефон немесе калькулятор табылған жағдайда, дәрісхананың кезекшісі ҚР БҒМ өкілдерін мәліметтейді.  ҚР БҒМ өкілі Мемлекеттік комиссияның төрағсымен және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, табылған заттың алынуы туралы кесім жасайды. Мемлекеттік комиссия хаттамасымен талапкерді тестілеуден шығару және нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылданады. Тестілеуден шығарылған талапкердің жауаптар парағы сканерленбейді.

Тестілеу нәтижелері талапкердің жауаптар парағын өңдеген кезде ғана алынады, жауаптар парағы бір данада беріліп, ауыстыруға жатпайтынын талапкер білуі керек.  Жауаптар парағын дұрыс толтырмау жауапкершілігі талапкерге жүктеледі.

Емтихан аяқталған соң, талапкер жауаптар парағының көшірмесіне жазып алған өз жауаптарын салыстыра алады. Жауаптар парағы көшірмесінің заңды күші жоқ.

 

Апелляция

Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атынабереді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді.

Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша талапкер сертификат алады.

Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер үшін

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысудың үшін қажет: ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде.

Кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша ақылы негізде оқуға түсу үшін: ең аз балл деңгейі – 100 баллдың 50 (төрт пән бойынша), бейінді пән бойынша 7 баллдан кем емс, қалғандарынан 4 баллдан кем емес болуы қажет.

Кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Студенттер қатарына қабылдау 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін.

Рахмет жауабынызга
0 дауыс

Орынды сұрақ !  көпке сабақ болары анық.

...