+1 дауыс
404 көрілді

Күн сайын Миландағы ЭКСПО 2015 көрмесіндегі Қазақстандық павильон

Күн сайын Миландағы ЭКСПО 2015 көрмесіндегі Қазақстандық павильонның алдына 200-300 адамнан тұратын кезек жиналады.

«Біздің павильон күніне 10 мың адам қабылдай алады деп есептелген. Таң атқаннан бастап жабылғанға дейін кезекте 200-300 адам тұрады. (...)өзге павильондарды олар 2-3 минутта аралап шығады, ал бізде 50 минутқа дейін жүреді», - дейді қазақстандық павильонның Бас комиссары Әнуарбек Мусин.

Милан ЭКСПО 2015 көрмесі Қазақстан

Туристердің пікірі бойынша, Қазақстанның келесі ЭКСПО мұрагері екендігі отандық павильонға деген қонақтардың қызығушылығын одан әрмен қыздыра түседі екен.

Милан ЭКСПО 2015 көрмесі Қазақстан

- Бүгін ине шаншар жер болмады. Италияда осындай шараның арқасында көптеген адамның еліміз туралы біліп, мәдениетімізбен жақын танысу мүмкіндігіне ие болғандығы қуантады», - дейді Милан консерваториясының студенті Меруерт Темірбекова.

Бұл күні қонақтарды қызыққа бөлеуге қазақстандық «Ринго», «Белес» топтары, опера және балет солистері, сондай-ақ, әлемдегі ең жас опера әншісі Мария Мудряк келді.

Итальяндықтарды операмен таң қалдыру қиын, әйтсе де олар қазақстандықтардың өнеріне сүйсінумен болды. «Арлан» театрының алыптары қонақтардың алар әсерін тіпті де еселей түсті. Бойлары екі метрден биік ұлттық киім киген жігіттермен фотосессия жасайтын жұрттың қарасы қалың болды.

- Мен бүгін бүкіл отбасымды алып келдім. Нағыз президентті күн сайын көре бермейсің ғой, - дейді көрме ұйымдастырушыларының бірі Джани Ковачи, - Балаларымның осы бір сәтті жете түсінгенін қаладым, болашақта бұл олар үшін тарихи оқиғаға айналуы мүмкін.

Бүкіләлемдік көрменің дәстүрлі ұлттық күндеріне осы уақытқа дейін Марокко, Аргентина, Тунис, Конго, Ұлыбритания және Ресейдің президенттері келіп кетті.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...