0 дауыс
738 көрілді
Классикалық баспа түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының орнын жаңа медиа басады деген пікір қаншалықты орынды?

3 жауап

+1 дауыс
Шаңсорғыш шыққанымен сыпырғыш әлі бар... E-book шыққанымен қағаз кітаптар әлі қолданыста... Меніңше, дәстүрлі БАҚ бәрібір өз орнын сақтап қала алатын сияқты.
+3 дауыс

— Жалпы, бұл әңгіме екімыңыншылардың басында басталды ғой. Ендеше бүгін біз — болашақта отырмыз. Кәні — классикалық баспа құралдары, кәні — жаңа медиа? Екеуі де орнында. Журналистика трансформацияланды да қойды.

Журналистикаға ақпаратты тасымалдау құралының маңызы жоқ деп ойлаймын. Телевидениенің шығуы — радионы, интернеттің пайда болуы — телевидениені жойып жіберген жоқ. Бұл екеуі бірігіп газетті жоя алған жоқ. Интернет шыққанымен, әлгі үшеуі де орнында. Ендеше әңгіме журналистің жеткізу құралынан гөрі  оқырманның дағдысында. Осы күні телевизорды соңғы рет — аулына барған кезінде көрген, газетті соңғы рет — архивтік мақсатта ашып көрген таныстарым бар. Бірақ бұл дәстүрлі баспа құралдарының ақырғы күнінен гөрі, оқырманның дағдысының, дөрекі айтқанда, оның мобилді еріншекке айналғанының дәлелі.

Рас, журналистің, әсіресе  редакцияның (қаржы керек қой енді) — жаңа медиаға бейімделу қабілеті мәселесі бар. Бір нәрсе анық: қазір ешкім ешкімді күтпейтін, дұрыс-бұрыс жолын көрсетпейтін заман. Кім қандай технологияға тәуекел деп барын салды — жемісін де, зардабын да көретін өзі. Тоқетері, бір күні қағаз баспа жоғалса — ол дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының жамандығынан емес, заманның талабынан болады.

Ерлан Оспан

0 дауыс

Жоқ, планшетпен шыбын өлтіре алмайсың ғо..... Газетпен болады дегенім ғо.


...