0 дауыс
8.1k көрілді
Интернетте мынадай ақпарат бар екен:

Мисуәк– ауыз қуысының иісін кетіріп, хош иістендіріп тұратын, тамақ қалдықтарын тазалап, тіс жиегін түрлі аурулардан қорғайтын таяқша. Сонымен қатар тістің үнемі жарқырап тұруына да септігін тигізеді. Бұл – араб елдерінде өсетін «әрәк» ағашының бұтағы. Әрәк ағашы сонымен қатар әфрикә мен оңтүстік азияның құмды далаларының қатал табиғатына төзетін өсімдік. Оның қолданылуы исламға дейін де, одан кейін де шығыс елдерінде маңызын жоғалтқан емес. Таяу шығыстан өңтүстік және өңтүстік-шығыс азяға кең таралған. Қазіргі медитсинәнің өзі мисуәктің пайдасын мойындауда. Мисуәктің құрамында 25-ке жуық тіске пайдалы табиғи заттың бары анықталған.

Осы Мисуәк деген не? Мисуәк қолданып көргенсіз ба?

5 жауап

–2 дауыс
Бленд-а-медке жетпейді. олардың бәрін көріп қойғанбыз,тіске жақпады.
+1 дауыс
Мисуак деген- тісті  тазалайтын ағаштан жасалған зат
Ағашын қайдам.  мен мисуак деген тіс пастасын алғанмын, кәдімгі тюбикте, алып бара жатқан түгі де жоқ.
–1 дауыс
Зубную щетканыды алда, тiсiндi тысабар ! пастасыз
+2 дауыс
Мисуак—арак ағашының бұтақтарынан және тамырынан жасалатын тіс тазалаушы құрал. Оны ұшын шайнап, қабығын кетіріп, тіс тазалауға пайдаланады. Оқырмандарымыз үшін бұл атау таңсық емес деп ойлаймыз. Сондықтан да, төменде мисуак туралы 15 хадисті келтіру арқылы оның артықшылықтарын еске түсіріп, пайдалануға деген құлшынысыңызды арттырсақ дейміз.

«Мисуак қолданыңыздар, ол ауыз тазалығына әрі Жаратушының разылығына себеп». (Бұхари, Насаи).
Әбу Мұсадан (оған Алла разы болсын): «Бір күні Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келсем, ол қолындағы мисуакпен тісін тазалап: «у», «у» деп отыр екен. Мисуак аузында, ол құсып жіберетіндей еді». (Бұхари).
Хузайфадан (оған Алла разы болсын): «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түнде тұрғанда  аузын мисуакпен тазалайтын». (Бұхари).
«Түнгі намаз үшін тұрған кезде тістеріңді мисуакпен тазалаңдар! Өйткені бір періште намазда Құран оқығанның аузына жақындап тыңдайды». (Дәйләми).
«Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар. (Әбу Нуайм).
Ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын): Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түсімде мисуакпен (тісімді) тазалап жатқанымды көрдім. Сол кезде маған екі кісі келді, біреуі екіншісінен егделеу еді. Мисуакты (жасы) кішісіне бергенімде маған: «Жасы үлкеніне!» делінді де, оны үлкеніне бердім» деген». (Муслим).
Айшадан (оған Алла разы болсын): «Үйіне кіргенде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең әуелі мисуакпен тісін тазалайтын». (Муслим).
«Мүміндерге (Зуһәйрдің хадисінде: үмбетіме) қиындатып қоятын болмағанымда, оларға әр намаздан бұрын мисуак қолдануды бұйырар едім». (Бұхари).
«Мисуак қолдану жайлы Жәбірейіл періштенің жиі кеңес беретіні сонша, мен өз тістерімнен (түбін ойын жіберем бе деп) қорқа бастадым». (Кутубу ситта, 6043).
«Мына төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннеті: қарапайымдылық, әтір себіну, мисуак қолдану және некелесу». (Тирмизи).
«Мисуак қолданыңыздар, ол ауыз тазалығына әрі Жаратушының разылығына себеп». (Бұхари, Насаи).
«Алла Елшісі күндіз болсын, түнде болсын, ұйқыдан тұрып, дәреттен бұрын тісін мисуакпен тазалайтын». (Әбу Дәуіт).
(Сағд) айтады: «Мен: «Уа, мүміндердің анасы! Маған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үтір (намазы) жайлы айтып берші» дедім. Ол: «Біз оған мисуак пен дәрет суын әзірлеп қоятынбыз. Алла түнде оны Өзі қалаған кезде оятатын...» деді». (Бұхари).
Аиша (оған Алла разы болсын) айтады: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) миусакты қолданып болған соң, жуып қою үшін маған беретін. Ал кейде мисуакты мен бірінші қолданып, кейін жуып, оның қолына беретінмін». (Әбу Дәуіт).

Келтірілген хадистерден мисуакты қай уақытта, қандай жағдайда пайдалану керектігін және артықшылықтарын, маңыздылығын ұғына алдыңыз деп сенеміз.

Мисуак және заманауи ғылым

Ал мына мәліметтер сізді таңғалдырмасқа қоймайды:

Мисуактың басты ерекшелігі – 100 ℅ табиғилығында. Химиялық құрамы таза болғандықтан, тіс, тістің қызыл етімен қатар ағзаның басқа да жақтарына пайдасы мол. Құрамына көптеген биоактивті және минералды заттар топтастырылған: танин, флавоноидтар, алкалоидтар, сапонин, С витамині, фтор, кремдік заттар т.б. Бұлар тістің аппақ болып жарқырап, қызыл еттің мықты болуына көмектеседі. 2003 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеу жұмысы нәтижесінде синтетикалық материалдан жасалған жай тіс щеткасымен салыстырғанда, мисуактың анағұрлым әсерлі екені тағы да анықталған. Мамандардың айтуынша, мисуактың құрамындағы белсенді биологиялық заттар адамның тісі мен тіс жегісіне ғана емес, бүкіл иммундық жүйесіне пайдалы екен. Сондай-ақ, Иллиной университетінің (АҚШ) ғалымдары жеті жыл мисуакка зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның құрамындағы жеті химиялық затты анықтаған. Бұл химиялық заттар тіс бактериясы мен кариеске қарсы тұратындығы дәлелденген.

Сөз соңында айтарымыз, хадистерге, сүннетке амал жасау арқылы Алла Тағаланың махаббаты мен кешіріміне қол созамыз. Бұл туралы «Әли-Имран» сүресінің 31-аятында былай делінген:  (Ей, Мұхаммед!) Айт: «Егер Алланы жақсы көретін болсаңдар, онда маған еріңдер. Сонда Алла сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Ақиқатында, Алла – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді» деп».
0 дауыс
Иісі жақсы әрі ағашы тісті ысуға ыңғайлы!!!
...