0 дауыс
4.6k көрілді
Базалық лауазымдық жалақы мен лауазымдық жалақының айырмашылығы. Лауазымдық жалақы 18 сағатқа есептеліне ме әлде өз сағатыңа есептеліне ме?

2 жауап

0 дауыс
ЖАЛАҚЫҢЫЗДЫ ЕСЕПТЕЙ АЛАСЫЗ БА?

Көптеген ұстаздар өздерінің жалақысын есептеуге келгенде есепке жоқ болып шығады. Мұғалімдер біле жүрсін деген оймен өткенде жазып едім, енді жариялап отырмын. Мүмкін қажеті болып қалар)
Елімізде білім саласының қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жалақыларына түрлі үстемеақылар қосылады. Бүгін біз бастауыш, негізгі және орта немесе орталау білім беретін оқу орындарындағы қызметкерлердің жалақысына қосылатын үстемелер мен олардың көлемі туралы кеңесіміз міне:
Жоғарыда атап өткен білім саласы қызметкерлерінің жалақысы ҚР Үкіметі 2009 жылы 29 желтоқсанда бекіткен №1400 Қаулысымен есептеледі. Құжаттың толық атауы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» деп аталады.
Осы Қаулыға сәйкес, барлық санаттағы ұстаздар G-9 санатына жатқызылады (егер білімі жоғары болса). Аталған санатқа сәйкес мұғалімдердің еңбек өтілдерінің айырмасы осы посттағы суретте берілген.
Бұл посттағы суретте берілген кесте арқылы жалақыны былай есептей аласыз:
Мысал: Жоғарыдағы кестеден өзіңіздің еңбек өтіліңізді (тек педагогикалық) табыңыз. Сіздің еңбек өтіліңіз 4 жыл 3 ай 11 күн делік. Демек Сіз кестедегі 3-5 жыл аралығындағы 2,53 коэффиценті бойынша өз жалақыңыздың көлемін біле аласыз. Коэффицентті, яғни 2,53-ті БЛЖ (базалық лауазымдық жалақы) мөлшеріне көбейтеміз. 2,53х19 966 = 50 514
Бұл жерде шыққан шығынды Сіздің 18 сағатқа арналған лауазымдық жалақыңыздың көлемі. Егер сағат саны 18-ден аз немесе көп болса 50 514 теңгені 18-ге бөліп, шыққан шығындыны өзіңіздің сағаттық жүктемеңізге көбейтесіз. Мысалы Сізде 25 сағат жүктемесі бар. Демек, 50 514 теңгені 18-ге бөлгенде 2806 теңге. Енді осыны 25 сағатқа көбейткенде 70 158 теңге шығады. Бұл Сіздің бір ай бойғы жалақыңыздың көлемі. Енді осы жалақыға Сіздің біліктілігіңіз немесе қосымша өзге жүктемеңізге байланысты мынадай түрлі қосымшалар қосылуы мүмкін:
1. Сынып жетекшілігі үшін: 1-4 сыныптардың жетекшілеріне БЛЖ-дан 25 пайыз, 5-12 сыныптардың жетекшісіне БЛЖ-дан 30 пайыз үстеме. Жоғарыда атап өткендей БЛЖ-ның көлемі қазіргі уақытта 19 966 теңгені құрайды.
2. Дәптер тексергені үшін: 1-4 сыныптардың мұғалімдеріне БЛЖ-дан 20 пайыз, орыс тіліндегі мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне БЛЖ-дан 25 пайыз, барлық мектептердің барлық пәндерінен 5-12 сыныптардың дәптеріндегі жазба жұмыстарын тексергені үшін БЛЖ-дан 25 пайыз үстеме қосылады.
3. Орта мектептердің (интернаттарды қоса алғанда) кабинет меңгерушілігі үшін БЛЖ-ның 20 пайызы көлеміндегі үстеме белгіленген.
Ескерту: Жоғарыдағы 3 пунктте аталған үстемақылар оқушы саны 15-тен кем бірден 2 есе қысқарады. Мысалы, 30 пайыз орнына 15 пайыз белгіленеді.
Сонымен қатар, мұғалімдерге Үкімет тарапынан мынадай үстемақылар қарастырылған:
1. Ауылдық жерде қызмет еткені үшін лауазымдық жалақысының 25 пайызы көлеміндегі үстемақы.
2. Біліктілігі үшін:
Жоғары санаттағы ұстазға – БЛЖ-ның 100 пайыз көлемінде;
І санаттағы ұстазға – БЛЖ-ның 50 пайызы көлемінде;
ІІ санаттағы ұстазға – БЛЖ-ның 30 пайызы көлемінде үстеме қосылады. Бүгінгі уақытта БЛЖ-ның көлемі 19 966 теңге екенін естеріңізге сала кетейік.
Тағы бір айта кететін жәйт, әскери білім беретін, психикалық ақауы бар балаларға сабақ беретін және зиянды техникалық заттармен жұмыс жасаған қызметкерлер үшін де қосымша ақылар қарастырылған.
Жалақыңызға түрлі үстемелер қосылғанымен Сіздің лауазымдық жалақыңыздан түрлі алымдар ұсталатынын да ескеру керек. Лауазымдық окладтан әуелі міндетті зейнетақы төлемі (10 пайыз), кәсіподақ жарнасы (1 пайыз) (егер Сіз кәсіподаққа мүше болсаңыз), тек ең соныңда осылардан қалған сумманың қорытындысы бойынша табыс салығы (10 пайыз) ұсталады.
0 дауыс
Менің білімім жоғары, жоғары санатым барр,35 жыл өтілім бар, жүктемем 22 сағат жалақым қанша болатынын есептеп бере аласыз ба? Рахмет,Алланың нұры жаусын.
...