ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Қаржылық бакылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ак экономикалық категория ретінде де қаржыларға бакылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру процестерінің занды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жузеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бакылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымы екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз.
Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру жөніндегі мемекеттік уәкілетті органдардың іс-қимылдары болып табылады.
Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында зандылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаражаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субъектілерінін ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою.
Қаржы бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Нысандары бойынша: а) Тікелей бақылау; б) Жанама бақылау;
Тікелей бақылау нақты бақылау объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу арқылы жүргізіледі.
Жанама бақылау бойынша, бақылау субъектісі мен объектісі аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жоспарлау құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.
2.Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бө-
лінеді:
а)алдын-ала қаржылық бақылау;
ә) ағымдағы қаржылық бақылау;
б) кейінгі қаржылық бақылау.
Алдын ала қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау;
Ағымдағы қаржылық бақылау кандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;
Кейінгі қаржыдық бақылу өз қаржылық міндеттерін сапалы орындамағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған фактілерін айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.
З. Субъектілері бойынша: арнайы және функциялық қаржылык бақыдау.
а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уөкілетті органдары жүзеге асыратын бақылау (мысалы, Казакстан Республикасының Қаржы Министрлігі, Казакстанның ұлттық Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т.б.).
ә) функциялық қаржылық бақылау мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржылық қызмет пен қаржылық бақылау қызметтерінін бір бағыты ретінде көрініс табатын бақьлау,
4. Қаржылық бақылау аясына байланысты: а) бюджеттік бакылау; ә) банктік бақылау; б) сақтандыру бақылауы; в) валюталық бақылау; г) салықтық бақылау; д) қаржылық-шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру әдістеріне мыналар жатады:
1. Ревизия; 2. Алғашқы ақша құжаттарын тексеру; 3. Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі жазуларды тексеру; 4. Статистикалық және бухгалтерлік есептеулерді тексеру; 5. Жоспарлар мен сметаларды тексеру; 6. Тексеру кезінде туыңдаған мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен материалдық жауаптылық жүкгелген тулғалардан жазбаша түсініктемелер алу; 7. Негізгі қорларды, нақты ақша қаражаттарын және тауарлық -материалдық құндылықтарды түгеңдеу; 8. Банктер мен басқа да есеп айырысу мекемелеріне ресми сұраныс жасау; 9. Құқық қорғау органдары мен соттардан түскен ақпараттарға талдау жасау.
Осы қаржылық бакылау әдістерінін ішіндегі ең бастысы ревизия болып табылады. Ревизия деп тексерілетін объектілердің қаржылық-шаруашышық қызметтерін мұқият зерделеу арқылы олардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды жүргізілген тексеруді айтамыз.
Ревизия жургізу кезіңде мына келесідей әдістер колданылады: 1. тексеру объектісі бойынша: құжаттық тексеру; факті бойынша, яғни жасалған жұмыстың көлемі мен сапасын тауарлық-материалдық құндылықтардың бар жоқтығын тексеру. 2. Тексеру объектісінін қамтылуы бойынша; толық жаппай тексеру; ішінара, іріктеп тексеру. 3. ұйымдастырылуы бойынша: жоспарлы тексеру; жоспардан тыс тексеру.