Елордада Астана күніне арналған бұқаралық велошеру өтті

0 дауыс
714 қаралым

Елордада Астананың 17 жылдығына орай бұқаралық велошеру өтті. Мәреде велошабандоздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздардың бірі ЭКСПО-2017 атынан спорт велосипедіне ие болды.

велошеру expo 2017

Спорт пен белсенді өмір салтын хош көргендер ұзақтығы төрт шақырымнан асатын, «Салтанат сарайынан» бастау алып астаналық «Сарыарқа» велотрегіне дейін созылған жолды жүріп өтті. Мәреде шара қатысушыларын велошеруді ұйымдастырушылар – Астана әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ қарсы алды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары велошабандоздарды шерудің сәтті аяқталуымен және алда келе жатқан Қазақстанның бас қаласының 17 жылдығымен құттықтады.

велошеру expo 2017

«Жас республикамыздың 17 жылдығына, сондай-ақ, бүкіл әлемді жалын-жігерімен таң қалдырып отырған ғажап мемлекетіміздің құрметіне арналған осындай керемет велошеру ұйымдастырушылары – ЭКСПО-2017-ге алғыс айтқымыз келеді. Тамаша болды», - деп атап өтті Андрей Бегенеев.

велошеру expo 2017

«Мереке дегеніміз не? Бұл – басқосу, достарыңмен бірге болып, белсенділік таныту. Бұл – спортты насихаттау, бұл – біздің Қазақстанымыздың болашағы. Сондықтан, алға, Қазақстан! Алға, саламатты өмір салты», - деді депутат Мейрам Бегентаев.

«Астана - Арена» алдындағы алаңға жиналған велошеру қатысушылары арасында бағалы сыйлар ойнатылды. Ұтыс ойыны тіркелу кезінде берілген номерлер арқылы жүрді. Ең жас және ең егде велошабандоздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Олар 3 және 68 жастағы Астана тұрғындары болды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК арнайы сыйлық ойнатты. Қатысушылардың бірі ЭКСПО-2017 лейблі бар спорт велосипедін ұтып алды.

Жалпы алғанда бұқаралық велошеруге 2000 қала тұрғыны мен қонағы қатысты. Мейрамды экстремал шоу жалғастырды. Кәсіби каскадерлер әсерлі трюктар көрсетті. Шара концерттік бағдарламамен және мерекелік отшашумен аяқталды.

Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс
Жаңалықтар айтып кеттіңіз ба
Алдын хабарлағанымдай Сұрақ-Жауап сайты арасында осындай жарнамалық мақалалар жариялап отырады. Оған мән берудің қажеті жоқ.
Мұны сайт әкімшілігі жариялап отыр. Жарнамалық мақсатта.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
4.01.2015 Экология Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
127,658 сұрақ
322,111 жауап
153,245 пікір
72,688 қолданушы