0 дауыс
693 көрілді

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы мақсаты қандай?

1 жауап

0 дауыс

Заң жобасының негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.

...