Әрине, адам уақтылы ұйықтамаса мазасы қашып, денсаулығына едәуір әсер етеді. Оның негізгі себептерінің бірі бір нәрсені ойлап алаңдау, бұл адамның нерв жүйесіне үлкен залалын тигізеді. Ұйқыны қандыру үшін ең алдымен керек емес ойлардан арылып, тыныштық орнатып, өз болмеңіздің шамын өшіріңіз, сізді ештеңе алаңдатпайтындай етіңіз. Егер бұл көмектеспесе ұйықтар алдында жылы сүт ішіңіз немесе арнайы шөп шайлырды пайдаланыңыз. Егер осындай тәсілдер де көмек бермесе демек сізге тез арада дәрігерге көріну қажет, кейінге қалдыруға болмайды, өйткені ұйқы адам баласы үшін ең маңызды қажеттіліктердің бірі.