Меніңше, кез-келген бай адамның ең керекті көмекшісі - білім мен тәжірибе. Байлық - қолдың кірі, бірде бар, бірде жоқ. Ал, білім - қазына. Ол арқылы түрлі амалдар жасауға болады, байлықты күштілер тартып алуы мүмкін, қулар - ұрлап алуы мүмкін, ал білімді ешкім де тартып та, ұрлап та ала алмайды! Ал, тәжірибе, білімді тиімді пайдаланудың негізгі кілті, оны да ұрлап не тартып алуға болмайды.
Құралға келсек, меніңше олар кітап, қалам, қағаз. Кейін, тәрбие, этика, дисциплина, манера деп кете береді.