0 дауыс
780 көрілді
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Шапағат» балалардың күндіз болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі Орал қаласы әкімдігінің №2102 шешімімен 13 тамыз 2009 жылы ашылды. МӘМ әдіскерінің кезекті еңбек демалысының ұзақтығы неше күн?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сіздердің медициналық әлеуметтік мекеме әдіскерінің кезекті еңбек демалысының ұзақтығы жөніндегі сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 102-бапына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.   

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі 182-ө бұйрығымен  төмендегі аталған:

Жұмыс уақытының  қысқартылған ұзақтығына,  жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына  және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін  өндірістердің, цехтардың,  кәсіптер мен  лауазымдардың  тізімі (бұдан әрі - Тізім), ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың  тізбесі;

Жұмыс уақытының  қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына  және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін  өндірістердің, цехтардың,  кәсіптер мен  лауазымдардың  тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың  тізбесін  қолдану жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген.

Сіздердің ұжымдарыңыз өз қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын беруі жөнінде Тізімнің 43 (Денсаулық сақтау) және 46 (Экономиканың барлық саласының жалпы мамандықтары) - тарауларында көрсетілген нормаларды қолдануына болады. 

Жоғарыда аталған Қағидалардың 9 және 10 - тармақтарына сәйкес Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс істеген қызметкерге қосымша демалыс іс жүзінде жұмыс істеген күніне қарай берiледi.

Қызметкерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.

Сонымен қоса, қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұжымдық шарт пен еңбек шартында норматив ретiнде белгiленетiнін ескертеміз.

Орындаушы:  Шорманов С.Т.- Еңбек және әлеуметтік әріптестік    департаментінің бас сарапшысы

Ұқсас сұрақтар

...