Мінезді көңіл күйден тәуелсіз ету үшін не істеу керек?

0 дауыс
943 қаралым
Кейбір адамдар үнемі күлімдеп жүреді де, көңіл күйі болмаған кезде айналасындағы адамдарға деген қатынасы мүлдем өзгеріп кетеді. Ал кейбіреулер қашан болсын жайдары қалпынан танбайды. Өзі қанша шаршаса да сөйлесіп отырғанда сыр білдірмейді. Сыпайы қалпын сақтауға тырысады. Әрине мұндай адам болу оңай емес шығар.. Деседе қайткенде осындай мінезің көңіл күйіңе тәуелді емес адам болуға болады? Өзіңді қалай тәрбиелеу керек?
Өмір, Тіршілік

2 жауап

+1 дауыс
Адам өзін, әрекетін, жағдайын сырттай көре алса, эмоциональный әрекеттерден, сөздерден аулақ болуға болатын сияқты. Себебі, біз адамдарға ақыл айтуға шеберміз, неге сол тамаша ақылды өзімізге пайдаланбасқа. Мен көбіне осылай жасаймын және нәтижесі тамаша.
Қалай сырттай көруге болады өзін?
Бір нәрсені жасаған соң артынан "ой мля, былай жасау керек еді ғой" дейтін кездер болады ғой, сол ойланатын сәтті артынан емес, дәл сол сәтте пайдаланып қалуға болады, ешкім ешкімді жылдам жауап беруге міндеттемейді, маңызды сәттерде бірнеше минут уақыт бер деп немесе сәл ойланып адам өзін сырттай бағалап жіберуге болатын сияқты)
0 дауыс
Ашуланба, жай ғана өзіңді жайдары ұста."Ол адамның менің көңіл күйімнің төмендігіне не кінәсі бар" деп ойла Жанара
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы