0 дауыс
6.9k көрілді

Оқушыларды мектепке қабылдау және мектептен шығару жайлы бұйрық. 

Шығару жайлы бұйрық керек. 

Іздесем 127 қаулы дегеннен басқа шықпай жатыр

Бұйрық бар дейді сұрап жатқан кісі.

2 жауап

0 дауыс

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім  беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) қабылдаудың тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жағдайын қамтамасыз ету үшін оларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның (ПМПК) қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2. Бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

4. Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
5) 3x4 көлеміндегі фото — 2 дана.
Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.
5. Бастауыш білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілерді, олардың заңды өкілдерін осы Қағидалармен, жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
6. Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.
7. Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
8. Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.

3. Негізгі орта білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

9. Бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған білім алушыларды, негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылатын комиссияның шешімімен жүзеге асырылады және заңды өкілдердің мүдделері ескеріле отырып аталған ұйымға бекітілген аумақта тұратын барлық білім алушылардың қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
10. Негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

4. Жалпы орта білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

11. Бейінді мектептің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.
12. Жалпы білім беретін гимназиялардың, лнцейлердің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау білім алушылардың жеке өтініші немесе олардың заңды өкілдерінің өтініші негізінде және білім алушының тұратын аумағын ескерместен негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты бар болғанда жүзеге асырылады.
13. Білім алушыларға және білім алушының заңды өкілдеріне осы Қағидалармен, білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензиямен, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына қабылдау тәртібімен, білім беру ұйымының қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік беріледі.
14. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыратын жекеменшік ұйымдарда білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру ұйымы мен заңды өкілдердің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың ережелері ескеріле отырып реттеледі.
15. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының оныншы немесе он бірінші сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім беру ұйымын бітіруші және (немесе) оның заңды өкілдері білім беру саласындағы уәкілетті органдарға шағымданады.

5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

16. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
17. Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқуға қабылдаудың қосымша конкурстық турларын белгілейді. Оқушыларды іріктеудің мазмұны мен нысаны, қабылдау, ауыстыру және бітіру тәртібі аталған білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Жалпы білім беретін лицейлер мен гимназиялар белгілі бір шағын учаскеде тұратын балалардың Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды құрады.

0 дауыс
саламатсиздер ме! Маған осы қаулыны Электронды нұсқада менің поштама жибересіздер ме?
...