+1 дауыс
983 көрілді
Қазақ ұлтының жойылуына қауіп қытайдан келуі мүмкін дейді, сіз не дейсіз?

9 жауап

+1 дауыс
ал мүмкін Россиядан келетін шығар?) көп қиялдап кеткен жоқсыз ба?
0 дауыс
Жаман сөз айтпаңыз.Бірнеше ғасыр тағдыр тауқметін тартсада қазақ ұлт ретінде жойылған жоқ,жойыла қоймайтында шығар Алла қаласа
0 дауыс
Біріншіден қауып елдің ішінен келуі мүмкін деп ойлаймын
0 дауыс
Danyar777 100% Дұрыс айтады, қолдаймын
+2 дауыс

Қазақ жойыла қоймайды. Егер жойылса, оған себеп Қытай да, Ресей де емес... Қазақтың өзі... Жерге, елге бөлінетін, жұрт арасына ірткі салатын, ағайын арасына от жағып, мағынасыз бөлінуге бастайтындар Қазақ елінің ең қауіпті жауы болмақ... 

Маған Сіздің пікіріңіз ұнап тұр, өте-өте және бұл бірінші рет емес. :)
Рахмет)........
0 дауыс
Мүмкін емес болар !!!!!!!!
–3 дауыс
Социологияда "Мықтылардың тіршілік етуі" деген термин бар, жақсылап оқуды ұсынамын. Елді қойып, адам организмі күнделікті күрес жүргізеді. Ол организм отбасында, мүше ретінде көршілер, туыстар, квартал, аудан, қала, облыс, ел, мемлекет, континент деп кете береді. :)

Интернетте орыстың академик, профессорларының тамаша лекциялары, кітаптары, ешт елдік аудармалар бар, кеңес беремін оқуға. Бұл биологияның заңдылығы және кез-келген тіршілік иесі өмір сүру үшін күрес жүргізуге мүдделі, әйтпесе артта қалады, салдары өлімге әкеледі. Бұған еш таң қалуға болмайды және егер адам осы "Выживание наиболее приспособленных" түсінігін зерттесе, жәйлан жай ешкім ешкімге соқтықпайтынын түсінуге болады. Қарапайым мысал, неге адамдар физикалық күшті адама тиіспейді және денсаулығы онша емес адамға (бейтаныс тұрғысынан) бей жай қарайды? Себебі, әлбетте екіншісі выживание үшін күреске әлсіз, ондай адамдарға балағаттау, кемсітулер айтылады, оны басып отыруға мүдделі болады, назарға ілмеуі мүмкін. Менің ойымша, халқымыз тегін айтпаған: өз өзіңді сыйласаң - жат жаныңнан түңілер.
Адам бойында аң, жануарға тән инстинктілердің барын жоққа шығаруға болмайды.
Бір-бірімізді жұлып жемей ақ адамшылығымызды сақтап өмір сүруге болатын шығар
Мен жоғарыдағы аталған теория бойынша ғана келісемін, қалған адамдардың хайуандар туралы азғын қиялында шаруам жоқ.
Жан-жануарлардың өмір сүруін азғындыққа теңедіңізбе.Жан-жануарға ұқсастығымызды меңзеп жатқанда өзіңіз
"Жан жануарлардың өмір сүруі - азғандық!" немесе "Жан жануарлардың өмір сүруі - азғандыққа теңеймін!" - деген пікір өкінішке орай жоғарыдан көріп отырған жоқпын және осындай бүйректен сирақ шығарып қуып кететін адамдарға жыным ұстайды.
Өкінішке орай менің пікірлерімнің арасында да азғындық туралы жазылмаған.Адам адам болып қалса екен деген ой тек қана
Жыныңызға тиіп кетсем кешіріңіз
0 дауыс
Қытайдан қайдам, бірақ орыстардан болуы мүмкін.
Ешқандай ұлт жауыз не періште болып бөлінбейді. Адамдарды бөлетін - идеология, соны білемін және мен анау ұлт сондай, мынау ұлт мынадай деп адаспаймын. Ақты - ақ, қараны - қара деген көзқараспен жүремін.
Орыстар кезінде не істегенін ұмыттыңба
Егер ақиқат ұнаса, бұл іске кінәлі тек орыстар ғана емес, оған өзіміздің де іші тар, қорқақ, мансапқұмар адамдардың да қатысы бар, соларды да ұмытпау керек.
Келісуге болады.Сол орысқа қызмет шабарман болып жүрген қазақтардың өзі болатын
0 дауыс
Екі қазақты орысша сөйлететін комплекс неполноценности. Ғасырлар бойғы таяқ жеудің, әдейі кемсітудің нәтижесі. Оның түпкі себептерін терең тарихтан да іздеген жөн шығар. Және әлі жан-жақты зерттелуі тиіс. Бұл комплекстен арылу үшін мемлекет тарапынан жүйелі қадамдар жасалуы тиіс. Және УАҚЫТ. Кез келген ауруды УАҚЫТ емдейді деген бар.
...