+3 дауыс
1.5k көрілді
Жаңа ғаламтордан мынадай бір жазбаны көріп қалдым:  

"Қазіргі жастар құдайдың құтты күні бір-бірімен кездесе береді, кездесе береді. Одан кетсе түнімен, күнімен телефонға жабысып бір-бірмен сөйлесе береді. Жарайды, бүгін сөйлестің таңға дейін, ертең тағы. Осылай бір-біріне деген сезімін білдіреді, солай сүйетінін дәлелдегісі келеді. Бірақ, бәрі керісінше болатынын көбіміз түсіне бермейміз. Таңертеңнен кешке дейін, кештен таңға дейін сөйлескенде біршама бос сөздер айтылады, кейбірі өздерін қинап, қызының не жігітінің көңілін қалдырмас үшін өтірік сөйлесе береді, осылай жалғаса берсе бір-біріне деген қадірі кетеді. Ақыр соңында бір бірінен жалығып, айырылып тынады."

Мен керісінше ғашықтар сөйлеспей, айтатын сөзін іште сақтап жүре берсе түсініспеушілік туындайды деп ойлайтынмын. Сіз жоғарыдағы пікірмен келісесіз бе? Қазір "жүрудің" ұзаққа созылмауына осы жиі сөйлесу кінәлі ме?
мен бұл пікірді радиода бір әншіден естігем

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Меніңше қате пікір, егер біреумен сөйлескісі келмесе, бірге болғысы келмесе сылтау көп емес пе айтатын. 

Сосын тағы бір мысал, менің ата-анам, бір топта оқыған, қазір бір мекемеде жұмыс жасайды, тіпті бір кабинетте отырады  (жұмыс бабымен жиі араласуға тура келеді), содан кешке үйге келгенде де әңгімелері таусылған емес (ішімнен ойлап қоям осылар күні бойы соншама не әңгіме тауып айтады деп))) )

 "...Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, 

ал махаббат таусылмайтын әңгіме»... деген Мүхтар ағаның сөзі рас болар мүмкін..

+1 дауыс
Керісінше біз сөйлесуге уақыт таппай жүрміз.Екеумізде де оқу,жұмыс кешке үйге келгенде уфф.деп ішіміздегіні айтып сөйлесеміз.Біреудің көңіліңе қарап тына бергенше,өзіңнің сыртқы келбетінді жасырмау керек.
Соңғы сөйлемді түсінбедім
Ол ренжиді деп,ішіңдегі барлық жай-күйінмен жүре берсең демекші едім,тікелей айтқанда біреудің көңіліңе қарай бермей.
+1 дауыс
себеп өтірік сөзде!!!
0 дауыс
Зарықтыр зарықтыр бірақ жалықтырма, дегендей бір-бірімен жиі сөйлесу ол шынымен адамды жалықтырады. Мен бұл пікірмен толықтай келісемін.
...