+1 дауыс
54.7k көрілді
Мен ораза тұтып жүрген едім. Теңертең мұрным қанап кетті, ол оразаны бұза ма? Толық жауап берсеңіздер.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ауыз бекіткеннен кейін ұйықтап жатып, мұрын қанап кетті дейік, мұрныңды тартам деп қан жұтып қойыдң бауқаусызда? Осы жағдайда ораза бұзыла ма?

Егер байқаусызда қан кетсе, әдейі істемесе ораза бұзылмайды. Тек әдейілеп қанатып жұтса ғана бұзылады. Ұйықтап жатып, мұрны қанап жұтсада біліп істемегендігі үшін, ораза бұзылмайды.

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

1. Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде – Аллаһ» (Муслим, Сиям, 171). Басқа бір хадисте:«Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес» – делінген (Ибн Мажә, Сиям, 15). Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.

2. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар» (Маида, 5/6), -дейді.

3. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған (Бухари, Тыбб, 11).

4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.

5. Көзге, кұлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.

6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.

7. Tiс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.

8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.

9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.

10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.

11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.

12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де.

13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.

Ислам ғылымхалы кітабынан

0 дауыс
Мен ораза устап жур едим танертен мурнымды укалагам мурнымнан кан кеткендиктен мен оны жутындым меним оразам бузыл
0 дауыс
Мен ораза устап жур едим танертен мурным канады озим укалаган менм оразам бузы
...